Өлең, жыр, ақындар

Алакөлге шақырғанда

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 629
Ауданымыздың әкімі болған Әбдіғали Бектеміров мен елге барған бір сапарымда: "Йемен келдіңіз?" деп сұраған еді. Соған жауап ретінде:

Байтақ жатқан Алакөлдің аралайын қай ауылын,
бәрі менің бауырларым, бәрі менің аяулым.
"Немен келдің?" —
деп те менен жөн сұрасып жатады ел,
немен келе қоюшы едім —
жалқы жүрген жаяумын!
Ар-ұятын айдын көлдің айбынымен өлшеген,
өзім де бір осы өңірдің абыройлы бөлшегі ем.
"Кел!" — деп қалса ағайын-жұрт,
қауырсындай қалықтап
автобустың өзімен-ақ ауырсынбай жол шегем.
Азаймаса аңқылдаған ағайынды құшар күн,
автобуспен ағызармын, аэробуспен ұшармын.
Атымды алар атасы өктем Мұстафа жоқ демесең,
көп "пысықтан" жапа шеккен мен де Жаяу Мұсаңмын.
Алдиярлы Алакөлден ұзап ұшқан ұл едім,
мұңға бөктім, жырлап өттім тұғырдағы түлегін.
Қайда барсам әр төбесі кез алдымда тұратын
туған елдің мәртебесі күні-түні тілерім!
Жалғаны жоқ жалғыз сөзім жақсың үшін сом алтын,
қалың елім, әлі менің әлсіремес со қалпым.
Жабыққанда жанашыр дос, жақыны кем демесең,
ат-көлігі аман жүрген ақының ем, о, халқым!
Кәрі күліп жүрмеуі үшін, жүрмеуі үшін жасы ұқпай,
биік ұстап көңілімді келем әлі жасытпай.
Жаяумын ба, баяумын ба — барар жерге жетем мен,
көкірегімді халыққа ашып, анық басып асықпай!
Отқа салма,
тот басар ма — жүзі кетпес алмастың,
Өмірлі інім, көңіл қылын қаншалықты дәл бастым?
Шақыра бер Алакөлдің барша қызық тойына,
Елім барда, Сенім барда кешікпеспін, қалмаспын!, —
деп те бір айтқаным бар еді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Булыға ма көмекейде көмескі үн

  • 0
  • 0

Булыға ма көмекейде көмескі үн,
көңілімде күте қояр жоқ ешкім,
Тәттілігі тағы бардай шын аңсап,
бір адамды сағынардай емеспін.

Толық

Сыбырлап

  • 0
  • 0

Сыбырлап,
сайтан сені азғырғанша,
сенем деп,
жасағанға жаздым қанша, —

Толық

Жеңеше

  • 0
  • 0

Енді ойласам,...
отыздарға мол келген,
жесір еді, кесір еді сол жеңгем,
бұрым болып өрілмейтін қара шаш,

Толық

Қарап көріңіз