Өлең, жыр, ақындар

Бұл да өмір...

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 321
Миуалы жазды көрдік, күзді көрдік,
әзірге осы боп тұр біздің ерлік, —
ойласам — ойладым да бас аманын,
оғаш іс жасамадым Сіз күлерлік.
Айналып аңызына төңіректің,
көріпті селтеңі жоқ сері боп кім, —
Ішінен аман шығып өрттің ада,
жаныма сертті ғана серік еттім.
Естілсе ара-тұра үнім өктем,
сырлы аяқ еместігім сыны кеткен, —
басымнан дұшпан сөзін асыра алмай,
сырымды жасыра алмай —
күліп өткем.
Өшпеген санасынан құлдық табы,
ол шіркін ымды ұқпаған — дымды ұқпады.
Тек қана басқан ізі бадырайып
қалыпты қулықтар мен сұмдықтары.
Осылай өзіме-өзім беріп екпін,
өмірдің өрін еттім, төрін өттім, —
алатын жеке барып алда құз бар,
бірі деп қалмаңыздар мені көптің.
Жемісті жазды көрдік, күзді көрдік, —
сол болып тұр әзірге біздің ерлік.
Азды-кем бола берер жолаушыда
қылығым жоқ-ау, сірә, Сіз күлерлік! 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мына заман — қай заман

  • 0
  • 0

Қорықпайтын қылыштан,
жасқанбайтын найзадан,
арқа-басы құрысқан
мына заман — қай заман?!

Толық

Бір жыл туған төл едің

  • 0
  • 0

Шықпасаң да сапарға аш,
тимеді ме көмегім?—
Келе жатқан қатарлас,
бір жыл туған төл едің.

Толық

Құс болып көкте бірде қалықтайсың

  • 0
  • 0

Құс болып көкте бірде қалықтайсың,
біресе қолға тұрмас балықтайсың,
барасың күнің үшін сан айлаға,
апыр-ау, қалай ғана жалықпайсың?!

Толық

Қарап көріңіз