Өлең, жыр, ақындар

Батыр баба

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 618
Алакөл ауданының орталығы Үшаралға кіре берісте Қаракерей Қабанбай батырға ескерткіш орнатылды.

Азбап па деп ұрпағы, тозбап па деп кең далам,
кімдер бастап келді деп осы күнге елді аман,
Зая кеткен жоқ па деп, төгілген қан, тамған тер,
қарап тұрған сияқты Қабанбайдай Ер бабам.
"Біз қорғаған кешегі қыран жортар қыр қандай,
аман келе жатыр ма ел —жоқ пәлеге шырмалмай,
тартып туған өзіме татымы мол ұл бар ма?—"
деп аруақты Ер айнала жіті қарап тұрғандай.
Уа, Баба, бүгінгі құйқалы өңір қырқаның
жатқа беріп көрмеген жалғыз бұлақ, бір талын,
арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты
бар екенін байқатты батыр туған ұрпағың!
Аруаққа сыйынып айтар болсам егер мен,
өсіп-өнген ел көрем, көсегесі көгерген.
Ақының да осы елде, батырың да осы елде,
байлығы да, бағы да асып жатыр кемерден.
Шешенің де осы елде, көсемің де осы елде,
батыр дейді бір-бірін ел баласы өсерде.
Азбасын де ағайын, тозбасын де төңірек,
жаппар нем жар болып, жазбасын де кеселге.
Бастап келіп осында баяғыдай елді аман,
қолдасын деп құдайы, болмасын деп енді алаң,
аузындағы ұраны,
алдаспаны — құралы,
ат үстінде тұр әлі Қабанбайдай ер бабам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көсіліп те кете алмай

  • 0
  • 0

Көсіліп те кете алмай,
шешіліп те,
бағындырып қойған соң не шірікке,
жұрт тынышта,

Толық

Жусаған жусандарым, изендерім

  • 0
  • 0

Жусаған жусандарым, изендерім,
кімге айтам қу жанымның күйзелгенін,
Күні-түн ауыр ойлар илеп анық,—
барлығын билеп алып —

Толық

Жалынғалы тұрғам жоқ, көке, саған

  • 0
  • 0

"Жалынғалы тұрғам жоқ, көке, саған,
жақтырмасаң — жайыма кете салам!" —
дедің де Сен...
Сәл ғана тоқтап алып...

Толық

Қарап көріңіз