Өлең, жыр, ақындар

Байеке Қадіржановтың рухына

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 296
Алакөл жағасындағы жұрт көп баратын демалыс орындарының бірі — "Жалын" — осы елдің қадірлі азаматы Байеке Қадіржанов атымен аталады. Ақ айдын Алакөлге сұғына кіріп жатқан сол демалыс орнының ашылу рәсіміне марқұмның (бала-шаға, дос-жарандарымен бірге мен де қатысып едім.

Байеке Қадіржанов — қадірлі аға,
бай едің санаға да, сабырға да,
Айдынды Алакөлдің жағасына
Келдіңіз қайта оралып, дабыл қаға.
Баяғы сол еліңіз, со көліңіз,
азырақ аялдаңыз, бөгеліңіз,
болатын жан саясы бір саяжай
осында орнатсам-ақ деп едіңіз.
Жартасқа жаңғырығып жоғалмады үн,
мінеки, орындалды сол арманың,
амал не, осы қызық той-думанның
ішінде өзің ғана бола алмадың!
Бола алмай ағайынның арасында,
кім білсін, ғарышқа ұшып барасың ба,
әйтеуір, мәңгілікке қалды есімің
ел-жұрттың жүрегі мен санасында.
Көз алмай дәл қазіргі тамашадан,
қарайды көл бұрылып, жаға Саған.
Атынды ақ мәрмарға ойып жазып,
мәз болып, қол соғады бала-шағаң.
Болмашы біреулерге кінәні артып,
бұл күнде себеп те жоқ жыланар түк,
жасаурап екі көзі жарыңыздың
білмей тұр не жасарын будан артық.
Жасырмай жеріңіз де бізден белін,
бір сәтке Ебіңіз де үзген демін,
атынды ести сала тына қапты
сан рет айдынында жүзген көлің.
Алқыммен ызғынды есіп, қызғын көшіп,
алқалап, шалқалап та жүздің кесіп,
ағатай, осы арадан өттік қанша
жел қайық жотасына біз міңгесіп.
Жетіліп ұлдарыңыз, қыздарыңыз,
куәсі болып тұрмыз біз бәріміз.
"Жалынның" атын мәңгі иемденіп,
орнығып осы арада Сіз қалыңыз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әбілмәжін Жұмабаевқа

  • 0
  • 0

Әбеке, Сіз бір ақылды ағасыз,
бастық болдым деп бақырмағансыз,
қарауыңызда жүрген інілеріңіздің
біреуіне тізе батырмағансыз.

Толық

Осылар немді менің қызғанады

  • 0
  • 0

Осылар немді менің қызғанады,
сырт беріп, сұс көрсетіп, сызданады,
бірі жүр ала көзбен ата қарап,
арылмай қабағына ызғар әлі.

Толық

Сөзін де жұрттың ауырлап

  • 0
  • 0

Сөзін де жұрттың ауырлап,
Сергитін бір сәт іздесең,
Жүрсеңші біздің ауылға-ақ,
Қонаққа жүрші бізге сен.

Толық

Қарап көріңіз