Өлең, жыр, ақындар

Кештіғұрым ескенде тау самалы

  • 14.06.2021
  • 0
  • 0
  • 538
Кештіғұрым ескенде тау самалы
менің жаным ғажап бір ән салады.
Ән саламын, сүйгелі бір сұлуды,
бір сұлуды сағынып аңсағалы.
Кешкі мұңнан, кешір дос, безінбедім,
кешу сұрар көбейді-ау кезім менің.
Бір сұлуды сүйдім мен, бір сұлудың
енді маған болмасын сезінгелі.
Уақыт өтіп барады, бүгінгі әнім
тау-самалдай ойнақы, құбылмалы.
Жалтақтадым әр жаққа, әр сағаттың
енді қайтып келмесін ұғынғалы.
Сағаттар барады өтіп омыраулап,
құлын боп,
құлын таққан қоңырау боп.
Барады ұзап әлі, ұзап әлі —
ұмтылдым арқан алып, тұзақ алып.
Неғылсын, о, неғылсын құлын мені —
тастап ем қыл тұзақты — ілінбеді.
Жақындап қалып едім — жөнелді ытып,
мен қалдым осы жерде өлең күтіп.
Өзен боп ақты күндер жағаны үгіп —
қараңдап кетті бірге балалығым.
Жүгірдім айқай салып жар жағалап,
ұстайын деп ұмтылдым қармақ ала.
Неғылсын толқынды өзен-күндер мені —
ырғып ед бір бүктеліп — үлгермедім.
Жан таппай, жаға таппай жармасуға,
аңырып тұрмын осы жар басында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аурахана-83

  • 0
  • 0

Елең қақпа, жапырак,
құлағым бар екен деп.
Саудырама сай-жыра,
Бұлағым бар екен деп.

Толық

Ана

  • 0
  • 0

Мезгіл жақсы,
тұрмыс бірақ күйгелек,
күйгелек қой көңіл шіркін — күй керек.
...Апыл-ғұпыл жаға, жеңін түймелеп

Толық

Келеді атып тағы да...

  • 0
  • 0

Келеді атып тағы да,
Ғажап қой дала таңдары.
Ұялап жатыр жаныма
Үміттің балапандары.

Толық

Қарап көріңіз