Өлең, жыр, ақындар

Қопарылып, қоймай ұрып қой-тасқа

  • 16.06.2021
  • 0
  • 0
  • 272
Қопарылып, қоймай ұрып қой-тасқа,
ала толқын, ойқасташы, ойқаста.
Жон-арқамды жалбыратшы,
Қызыл күн,
жалаң аяқ табанымды сой, тастар.
Қалам-тұмсық тары-сөзді шоқып құр,
отырдым-ау, отырдым мен қоқып бір.
Саған, саған құмар едім тау маңы,
самал, самал, сұр жүзімді тотықтыр!
Жазған сөзге қойылатын көктемгі
ағаштарың секілді екен "леп белгі".
Көп ісіме "сұрау белгі" қойылған
соған сенен жауап табам деп келдім.
Ине-шаншу іліп түйреп өкпемді
көрпе қабып жүр ғой біреу, көп болды.
Жүз ауырып, мың ауырып көрген ем,
бір сауығып көрейінші деп келдім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Салқындап саясында самал-көлдің...

  • 0
  • 0

Салқындап саясында самал-көлдің,
Бұла өскен баяғыдан балаң менмін.
Сіміре саумалыңды, бұл жолы да,
Сабылып, сағымды өлке, саған келдім.

Толық

Сол үйде

  • 0
  • 0

Сенде менің үмітім бар бір мысқал,
Талабым бар өрден-өрге тырмысқан.
Ес білмеген, естілмеген күй де көп,
Нота-сызықтарға қонған үймелеп.

Толық

Қара ағаш

  • 0
  • 0

Бір сөйлеп ем махаббаттың тілінде,
бүрсеңдеп ем Қара ағаштың түбінде.
Бүгін көрсем — жалаңаш сол Қара ағаш,
Қара ағаштай менің жаным жалаңаш.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар