Өлең, жыр, ақындар

Бұлақ

  • 16.06.2021
  • 0
  • 0
  • 571
"Жатпа, бұлақ, алға асық,
қопарып бақ, қозғап бақ.
Бұлақ болып алғасын
бұрқырау да сөз боп па?!
Ақтар қуыс-көбені,
жаға, жарды тітірет.
Түртіп құлат төбені,
түйнек-тасты түтін ет.
Долыға түс, долыға,
тау мойнына сал шылбыр.
Иілмесе жолыңа
басын қағып ал шыңның!"
Сонда бұлақ күбірлеп,
қажып-талған кескінмен,
деді: "Достым, бүгінде
айқай деген ескірген.
Айқай қайда, айқайды
ақымақтар салады.
Айқай бір күн, байқаймын:
есектен де қалады.
Есуаспысың тұп-тұнық,
ойбай неғып ұқпадың:
аяқ деген мықтыны
айла салып жыққанын?!
Жоқ баяғы мінезім,
ақыл кірді маған да.
Қуыс-қуысты кезіп
жылап ақ де одан да.
Неғыламын айқасты,
кететінің-ай лағып.
Қозғағаннан қойтасты
өту оңай айналып!"
"Бұлақ па бұл немене...
сеніп едім мен қасқа.
Қайраты бар денеде
намыс деген болмас па.
Бұлақ қой деп мақтасам,
құдірет деп керемет —
құтырынып ақпасаң
құдіретің не керек!
Неге керек дәме етіп
даңқ, атақтан, мықты ойнап,
тасты түтіп шаң етіп
ұшырмасаң ыққа айдап?!
Өз-өзіңнен тыйылып,
өз-өзіңе айла ғып,
көрінгенге иіліп
өтер болсаң айналып.
Құрып кет сен!Дәл шындық:
орныңа үй салайын.
Ең соңғы бір тамшыңды
тас ерніне жағайын".
"Қонбас ақыл, шырақ бұл,
шындықты айтпа — батады.
Маған керек — бұлақтың
ерлігі емес, атағы.
Ерлік ішер ас емес,
нем кетеді, ойын ғой.
Біле-білсең, бас емес
иілетін мойын ғой...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сары түс

  • 0
  • 0

Ағаш басы сарғайыпты — бар ма айып
мезгіл жетті.
Ойды ескіртіп алмайық.
Жата-жата архивында ақылдың

Толық

Тілек

  • 0
  • 0

Ей, шөпбасы, шөпбасым-ай, шөпбасы,
үп еткенге елпең қақпай, тоқташы.
Жаяу-құйып, өрепкімей қоя тұр,
сен де, өкпек жел, өтірікті соқпашы!

Толық

Сезімдер ғажабы...

  • 0
  • 0

Сезімдер ғажабы
Қиялда құбылып;
Ашудың азабы
Алқымға тығылып.

Толық

Қарап көріңіз