Өлең, жыр, ақындар

Сен кiм едiң?

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 519
Сен кiм едiң?
Жаным-ай, неге сонша мөлдiредiң?
Жасырған жан бiткеннен құпияңды
Бiлем деп өзiмдi-өзiм сендiремiн.
Бiлем деп өзiмдi-өзiм сендiрем де,
Қараймын өлiп-өшiп сол бiр өңге.
Тұтанып келе жатқан iштегi отты
Қайтемiн, жандырам ба, сөндiрем бе?
Кiмсiң сен есiк ашып енген iшке?
Көргенiм, көрiскенiм өң бе, түс пе?
Тiлегiн Тəңiр ием қабыл алып,
Жүрегiм түстi тылсым тербелiске.
Кiмсiң сен?
Жайыңды айтшы, қандай жансың?
Қара түн Хабаршымдай таңға айналсын!
Бұл сəттi iштей сезiп сен де, бəлкiм,
Күткенсiң,
Сағынғансың,
Сарғайғансың...
Кiмсiң сен,
Сүйiктiм-ай сұңғақ қана?
Жайыңды айт,
Жан сырыңды жұмбақтама.
Бағыңнан бал-бұл ұшып бал дəуренiң,
Күз келер,
Қар қонақтар бұл баққа да...
Кiмсiң сен?
Еркiмнен тыс езiлдi iшiм...
Елп етпес əлде ешкiмге сезiмбiсiң?
Əлде, əлде...
Жан-жүрегiн мұң жайлаған
Жалғызы Жаратқанның – өзiмбiсiң?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарағым

  • 0
  • 0

Қарағым,
Жолым ауыр, қайда барсам,
Халімнен кім хабардар қайғы орансам?
Анашым ақ сүт берген қайдан кешсін,

Толық

Қарғам-ау, Сiз қайдағы, бiз қайдағы

  • 0
  • 0

Қарғам-ау, Сiз қайдағы, бiз қайдағы...
Көңiлге мұң мекендеп, күз жайлады,
Елесiң /өзiң түгiл/ еске түссе,
Жүрегiм сыздайды əлi, сыздайды əлi...

Толық

Элегия

  • 0
  • 0

Қараағаш, құсың қайда, ұяң қайда?
Кетті ме жан сауғалап қиян жайға?
Күніне мың құбылған мына мезгіл
Тонаудан торғыныңды ұялмай ма?

Толық

Қарап көріңіз