Өлең, жыр, ақындар

Баяғы сол күнiң-ай, баяғы сол!

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 460
Баяғы сол күнiң-ай, баяғы сол!
Балқып жатып жаныңда оянушы ем...
Баяғы сол қалпыңа келер ме едiң,
Жаратқанға жаныңды жая бiлсең?
Бəрi өткен бе,
Құдай-ау, бəрi өткен бе?
Тап болғандай жайым бар тар өткелге.
Жер түбiнен шырқырап жетушi едiң,
Шақалақтай жүрегiм шар еткенде.
Қайда қалған сол күндер, қайда қалған?
Жанымызды қай iндет жайлап алған?..
Қансыз-сөлсiз дүние-ай,
Қайыршының
Қара бақыр құнындай майдаланған.
Перiште боп тумайды кiм анадан?
Пендесiң деп ешкiмдi кiнəламан.
Қаймананы қаңбақтай қақпақылдап
Қайда əкетiп барады мына заман?
Ақылды алтын,
Билесе сезiмдi ақша,
Өзге – жаман,
Өзгеден өзiң жақсы, ə?!
Жүректердiң түбiнде Төбе бидей
Түгесiлмес, түңiлмес Төзiм жатса!
...Баяғы сол күнiң-ай, баяғы сол,
Мейiрiмдi ең,
Абзал ең,
Аяғыш ең...
Қайғысын ба, мұңын ба, қамсызын ба –
Жүрегiңнiң қаладың қай əнiн сен?
Шыныңды айтшы?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойтолғау

  • 0
  • 0

Көргенің көрге енгенше сəттік қана,
Асықпа, масықпа да, аптықпа да.
Тағдырдың тəлкегіне тап келгенде,
Қай пақыр, қай пендеден таптық пана?

Толық

Əйел заты

  • 0
  • 0

Əйелдiң етегiне құйын құмар,
Көз сүзсе, көрiнгендi үйiр қылар.
Бұқаға бетiн берiп тұрғанымен,
Өгiзге мөңiрейтiн сиыр бұлар.

Толық

Қыздарда да алтын, мыс, қалайы бар

  • 0
  • 0

Қыздарда да алтын, мыс, қалайы бар,
Алдандым алтын ба деп талайынан.
Аруым алтын едi...
Мысқа айналды,

Толық

Қарап көріңіз