Өлең, жыр, ақындар

Тумысынан жаныма азық гүлiм

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 361
Тумысынан жаныма азық гүлiм,
Аңғалдығың қинайды, нəзiктiгiң.
Нəзiк гүлдiң тағдырын ойламасам,
Адам ата алдында жазықтымын.
Үйiрсектеп барамын күнде саған
жақын қандай жайлауы, iргесi аман.
Сен де əзiрге сырыңды сездiрмейсiң
кiмге жомарт көңiлiң, кiмге сараң.
Жүрегiмдi саф ауа, самалға орай
бiр бұла күш тартады саған қарай.
Шағалалы шалқар көл шақырғанда,
Шалқаюға келедi шамам қалай?
Əрi көшiп, айналған сары аңызға
əжептəуiр жылдар бар арамызда.
Сенi көрсе дүрсiлдеп қоя берер
жүрегiмдi қайтемiн алағызба?
Ес жиярлық десем де кезге жеттiм,
Мен бүгiнде өзiмнен өзгерекпiн
Өлiп-өшiп соншама қарайтындай
сенiң мойыл көзiңнен не iздемекпiн?
Тумысынан жаныма жақын гүлiм,
Сезсең еттi бiр сəтке ақын мұңын.
Тағдырыңды шешерлiк тəуекелге
жетпей жүр-ау сенiң де батылдығың,
Жетпей жүр-ау менiң де батылдығым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бозқараған

  • 0
  • 0

Тереземнің тұсында Бозқараған
бойжетіпті.
Көбейді көз қадаған.
Саяқ көзден сақтанып саябанда

Толық

Иə, мен тұтқындамын, тұтқындамын

  • 0
  • 0

Иə, мен тұтқындамын, тұтқындамын,
Тордағы Тоты құстың ұқтым халін.
Кімге мен мезгілімді ұрлатпадым,
Кімге мен мерезімді жұқтырмадым?..

Толық

Елемейiн

  • 0
  • 0

Елемейiн,
Еленбейiн десем де
Еркiмдi алдың,
Елiктей қыз, есен бе?

Толық

Қарап көріңіз