Өлең, жыр, ақындар

Қош, кермиық Келiншек, ерке күлген

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1269
Қош, кермиық Келiншек, ерке күлген,
Менi ұмыт,
Бақытты бол еркегiңмен.
Махаббат кеудемдегi көзiн жұмсын,
Беймезгiл өткен жандай ерте өмiрден.
Қош, қош, қош,
Ол аз болса, тағы да қош.
Бұлбұлым, ендi басқа бағыңа көш.
Жаңғырып жадымызда жатсын мəңгi,
Жақсы күн,
Жəннат түн мен жадыра кеш...
Қош, бикеш, бейпiл бейiл, тəттi ерiндi,
Тəрк еттiм, амал қанша, тақ-төрiңдi.
Оңаша ой кешкенде еске алармын,
Өзiңмен бiрге болған сəттерiмдi.
Қош, бикеш,
Қош дейiн де қол бұлғайын,
Уақыт бермес бiзге ендi ыңғайын.
Жастық та бiр қызық қой, қас қағымда,
Өтетiн төгiп-төгiп жаңбырдайын.
Қош, кермиық Келiншек, сұңғақ бойлы,
Уақыт ендi бiзге қымбаттайды.
Мың мақам мұңын шағып, сырын шертiп,
Жүрегiм ендi ешкiмге үн қатпайды.
Қош, бикеш,
Қош, Келiншек, сұңғақ бойлы...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әлдекім

  • 0
  • 0

Азарланып, безерленіп əл-демім,
Өзімді-өзім танымастай халдемін.
Кеудем ішін емін-еркін еншілеп,
Ен жайлаған сияқты ма əлдекім?..

Толық

Бір күн озып бара жатыр бір күннен...

  • 0
  • 0

Бір күн озып бара жатыр бір күннен
Жылатып та, жұбатып та, күлдірген...
Шер түбіне жете алмадым сүңгумен,
Жер түбіне жете алмадым дүлдүлмен.

Толық

Махаббат ескiре ме, ескiре ме?

  • 0
  • 0

Махаббат ескiре ме, ескiре ме?
Ерсiлеу мұның өзi естiле ме?
Iшiнде емге татыр бiр есер жоқ
Апырай, жұрттың бəрi естi неге?

Толық

Қарап көріңіз