Өлең, жыр, ақындар

Əн еркесі – «Алқоңыр»

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 398
«Жазайын ақ қағазға тiзiлдiрiп,
Қалқаға сөз сөйлейiн үзiлдiрiп.
Отырсаң оңаша үйде маслихатпен
Шiркiннiң екi көзiн сүзiлдiрiп...»
Əн салдың үнiңдi əсем үзiлдiрiп,
Тiсiңдi ақ маржандай тiзiлдiрiп.
Қарадың қара көздi сүзiлдiрiп,
Белгiсiз бiр əлемге жүзiң бұрып:
Жан емi,
Лəззат лебi – ерке үнiңе
Ет-жүрек ерiдi ме.., елтiдi ме,
Əйтеуiр ес жия алмас халде менi
Жетелеп бара жаттың жер түбiне.
Кiм ұқсын ғашық жанның халiн iшкi,
Жазмышқа жазған жүрек жалынышты.
Сиқыр саз əлдеқайда алып ұшты
Сары құс – кеудемдегi сағынышты...
Ай ару жұлдыз жақтан ым қаққандай,
Қойнында қоңыр кештiң мұң жатқандай.
Көбелек қанатындай кiрпiгiңе
Жанарың жалқын сеуiп, нұр жаққандай.
Жанымда жаумай жүрген жаңбыр барын
Тап басып, талма өзектi талдырды əнiң.
Бал шағым шаттығымен қайта оралсын,
Жан шөлiн тəттi үнiңмен қандыр, жаным.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенi ойласам...

  • 0
  • 0

Сенi ойласам, көзiмде мұң жатады,
Таң алдында тəттi үнiң тiл қатады.
Алып ұшқан көңiлiм аялдамай
Сағыныштың көлiне шым батады.

Толық

Арзу

  • 0
  • 0

Жалғанда мынау мінəйім
Адамның бəрі арманда…
Қор қылма мені, Құдайым,
Құлқыны құдық жандарға.

Толық

Өлсем – елеспін

  • 0
  • 0

Өлсем – елеспін,
Көмсең – дөңеспін.
Келсем, неге өлдім?
Өнсем, неге өштім?

Толық

Қарап көріңіз