Өлең, жыр, ақындар

Кiсi жары

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 722
«Кiсi жары кiсiге жар болмайды,
Балапандай баурыңа басқанменен...»
Халық əнi

Өте шығар бұл өмiр қас қағымда,
Ойнап-күлген жарасар жас шағыңда.
Кiсi жары кiсiге жар болады
Балапандай бауырыңа басқаныңда.
Күн қуанбас бұлт барда аспаныңда,
Жан жұбанбас жанарда жас барында.
«Кiсi жары кiсiге жар болмайды» –
Қандай сыр бар бұл сөздiң астарында?
Жанға серiк болса да жар, үй, бала..,
Қарай ма екен махаббат қағидаға?!
«Судан таза, сүттен ақ» кiм бар дейсiң,
Бұл жалғанда перiште – сəби ғана!
Аспандағы бiреу мəз айды алғанға,
Айналғанға бiреу мəз «пайғамбарға».
Ерте келiп өмiрден еншi алғанмен,
Кiсi жарын кеш көрсем, айлам бар ма?
Өңiнде емес, түсiнде көрiп Айын,
Кiмдер айтып өтпедi «Елiгайын?»...
Əмiрiне Алланың айлам қайсы –
Кiсi жарын ұнатсам, неғылайын?!
Адам жетер мұратқа, Алла оңдаса,
Ақ сағымды арман деп алданбаса.
Жақсылығын қайтейiн бұл жалғанның,
Кiсi жары кiсiге жар болмаса?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрісінен жаңылған жорғадайын

  • 0
  • 0

Жүрісінен жаңылған жорғадайын
Қона бермес бақ құсы қолға дəйім.
Бұлбұл ұшып кетті деп гүлзарынан
Борша егіліп несіне қорланайын.

Толық

Тек

  • 0
  • 0

Аурудан айық!
Емге көш!
Айналсаң мұздай мүсінге.
Адамның бəрі пенде емес,

Толық

Сен менi жат көрмегiн, жат көрмегiн

  • 0
  • 0

Сен менi жат көрмегiн, жат көрмегiн,
Ащы су болған шақта «тəттi» ермегiм.
Алланың көрген емен əлiмсақтан
Ақынға басыбайлы бақ бергенiн.

Толық

Қарап көріңіз