Өлең, жыр, ақындар

Сүймегендер жыры

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 446
«Тозақ отын тəңiрiм қайтармағай» –
Деп тiлеп ем,
түстiм бе қайта аңдамай?
Сүйегiңнен өтетiн сөз қиын-ау,
«Сүймеймiн» – деп мен оған айтам қалай?
Ол күлгенде тұрады жылағым кеп,
Көзiн ашсам – кеудемде бұлағым көп...
Жетегiмен жүректiң жүрiп келем,
Қайда барам?
Бiлмеймiн, тұрағым жоқ.
Мейлi, менi қаралап, даттаңыздар,
Адамдықтың заңымен соттаңыздар.
Жiбiмейдi бəрiбiр, жiбiмейдi
Көкiрегiме тоң болып қатқан мұз, қар!
Кiм жарасып,
жаныма кiм ұнайды?
Кеудемде ұя салғандай ұлы қайғы.
Сүймегеннiң жүрегi жiбiмейдi!
Сүймегеннiң төсегi жылымайды!
Ай мен жұлдыз барында ақ аспанда
Адамдарға адасу жарасқан ба?!
Мейлi, менi санаңдар санатсызға,
Мейлi, менi санаңдар адасқанға!
Күйiн қайтем қалталы, қазыналы,
Сыйын қайтем алқалы, базыналы?
Күннiң нұры түспейтiн жан жарасы
Кiмнiң шипа қолымен жазылады?
Үйiн қайтем аумаған абақтыдан?
Қамалмақ па қапасқа қанатты жан?
Елесi бар, өзi жоқ еркек үшiн
Бəрiнен де баз кешем,
Талақ қылам!
Қуанышын жоқ бардан құрап алған
Жалғыздарға жұбаныш мына жалған...
Ал маған ше?
Жо-жо-жоқ!
Жүре берем
Бақытымды тапқанша бiр адамнан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ашыса ішім іріп айрандайын

  • 0
  • 0

Ашыса ішім іріп айрандайын,
Қалайша қамсыз-мұңсыз сайрандайын?!
Қалың ну қарағайдың қалқасынан
Қарайды қамкөңілмен, қайран, Қайың.

Толық

Өзiң жақтан келмедi-ау жылы хабар

  • 0
  • 0

Өзiң жақтан келмедi-ау жылы хабар,
Көшкен күннiң көңiлде мұңы қалар.
Жеттi ме екен түбiңе, кiм бiледi,
Жын жасырған iшiне Құмыралар…

Толық

Соңы мен бұл өмiрдiң басы қайда?!

  • 0
  • 0

Соңы мен бұл өмiрдiң басы қайда?! –
Аспанда адасып жүр асыл Ай да.
Ақ жүзi алабұртқан, айналайын,
Ақ қарды айналаңа шашып ойна!

Толық

Қарап көріңіз