Өлең, жыр, ақындар

Көзiң сенiң – шаркесе шарап толы

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 351
Көзiң сенiң – шаркесе шарап толы,
Қайта-қайта мас қылдың, қарап, менi.
Ұшып шыққан ұядан қарлығаштай
Қасың, қалқам, қағылған қанат па едi?
Көз шараңнан мас болдым шарап ұрттап,
Көңiл шiркiн мұндайда алабұртпақ.
Жай таппады-ау жүрегiм, жай таппады-ау,
Кеудемдегi қамалға қамалып қап.
Қайран жүрек, шыға алмай қамалынан,
Шарасыздан ұрттаймын шарабыңнан.
Қалай ғана көз жазып қаламын мен
Жаутаңдаған жанары қарағымнан?
Шəркез екен шарабың, кiнə қойма,
Тарап жатыр шымырлап тұла бойға.
Өз-өзiңмен алысып отырсың-ау,
«Не болған – деп iшiңнен, – бұл ағайға?»
Көз шараңнан мас болдым шарап iшiп,
Тұла бойым, содан ба, барады ысып.
Туған айды жүзiңнен көрiп тұрып
Тырналайды iшiмдi қара күшiк...
Көргенiмнен жақсы едi-ау көрмегенiм,
Қос жанарым шым батты көлге менiң.
Ұшқынынан көзiңнiң ұрттайыншы,
Басылар ма, кiм бiлсiн, шөлдегенiм?..
Көзiң екен мөп-мөлдiр көл дегенiм,
Бұрын-соңды қалайша көрмегемiн?
Сұлулардың көзiнен «кесел» тауып,
Сұлулардың өзiмен емделемiн.
Ұрттайыншы шараптан кесеңдегi,
Болар ма екен бiрмезгiл кеселге емi?
Асқынып-ақ ауруым кеткен екен,
Кеш емдедi, қайтейiн, кеш емдедi...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақтың Есенині бола алам ба

  • 0
  • 0

Қазақтың Есенині бола алам ба,
Тағдырын түйіп алған орамалға?
Құйрықты жұлдыздайын құрдымға еніп,
Жоқ, əлде, ізім-қайым жоғалам ба?

Толық

Аққу

  • 0
  • 0

Айдында аққу керiледi
Ару қыздай суға барған.
Көктен шуақ төгiледi,
Көкiректе тулап арман.

Толық

Мені қалап, мені ұғатын жан бар ма?

  • 0
  • 0

Мені қалап, мені ұғатын жан бар ма?
Мейіріме қанығатын жан бар ма?
Оңашада қалғанда бұл жалғанда,
Сағынатын, қамығатын жан бар ма?

Толық

Қарап көріңіз