Өлең, жыр, ақындар

Егiлдiм саған, берiлдiм

  • 27.06.2021
  • 0
  • 0
  • 347
Егiлдiм саған, берiлдiм,
Ғашықтық сырын мың айтып..,
Өткiншi мынау өмiрдiң
Өкiнiштерi мұңайтып.
Есер жел ескен екпiнмен
Жауа алмай кеткен бұлттайын,
Қаншама жапа шектiм мен,
Жапанда қалған жұрттайын...
Жартастың жарылыстарын
Жамаған сəтте теңiз кеп, –
Шағала – сағыныштарым
Сыңсып та ұшты-ау сенi iздеп!..
Көктеммен келер деп едiм
Бақытым,
құсым,
базарым...
Көрсем деп елеңдеп едiм,
Қашан бiр жетер наз əнiң?!
Өн бойың оттай шарпылып,
Қашан бiр жүрек қауышар?
Сарғайған сезiм сарқылып,
Төзiмдi болдым тауысар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тылсым түн

  • 0
  • 0

Жер неге қимылдайды, теңселмейді?
Теңселгенмен, бәрібір, ел сенбейді.
Қимылдасын,
теңселсін,

Толық

Мен Сiздi сүйген едiм...

  • 0
  • 0

Мен Сiздi сүюшi едiм пəк көңiлмен,
Ойнаушы ем оңашада тəттi ойыммен:
Жаралған екеумiзден Перiштеге
Ардашер, Айжүрек деп ат қоюмен.

Толық

Бір тал гүл

  • 0
  • 0

Бiрте-бiрте салқынсыған сезiммен
Кездерiңдi көрiп жүрмiн көз iлген.
...Мен көтерiп алып ем-ау күн кеше
Бiр тал гүлдi –

Толық

Қарап көріңіз