Өлең, жыр, ақындар

Қара қасың қиылған айқабақта

  • 27.06.2021
  • 0
  • 0
  • 527
Қара қасың қиылған айқабақта.
Мен қарасам, көзiңдi тайғанатпа.
Қара құстан жүрейiн қорғалақтап,
Бала құстай алдымда айналақта.
Айқабақта қиылған қара қасың.
Мен қарасам байқамай баратасың.
Тақияңа мендей жан тар келе ме?
Кiмдi сүйiп, кiмдi енше жаратасың?
Бiлдiрмеген боласың, сездiрмеген,
Көргенiңмен боласың көзге iлмеген.
Өз-өзiңнен аса алмай жүргенiңде
Өтiп кетiп жүрмесiн мезгiл деген.
Сездiрмеген боласың, бiлдiрмеген,
Қандай сыр бар дiлiңде тiл күрмеген?
Қансонарда iз баққан аңшыдайын
Əлде босқа алаңдап жүрмiн бе мен?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көбелегiм

  • 0
  • 0

Көбелегiм,
Көңiлiмдi неге көп бөле бердiң?
Көкейдегi сезiмдi көзбен айтып,
Көргенiмде нелiктен бөгелемiн?

Толық

Тəтті күннің тауысып талай дəмін

  • 0
  • 0

Тəтті күннің тауысып талай дəмін,
Өтті білем басымнан бал айларым? –
Ерте күздің нұрымен енді, міне,
Еріте алмай отырмын самай қарын.

Толық

«Кетпе» – дейсiң

  • 0
  • 0

«Кетпе» – дейсiң,
Өкпелейсiң.
Тез басылдым, мастық па, сөкпегейсiң,
Көз жасыңды жастыққа төкпегейсiң.

Толық

Қарап көріңіз