Өлең, жыр, ақындар

Жеңімпаз

Ол шынында өмірге ғашық болды,
Жетістікке әрдайым асық болды.
Жүректегі әр соғысқа үңіліп,
"Мен арманға жетем"- деп мақсат қойды.

Өмір атты шегі жоқ бұл кітапта,
Қиындықтар көп екен, көп сынықта.
Пешенеңе жазғаны болады екен,
Ұнат мейлі, мейлі оны ұнатпа.

Жаратушым сынақ берді басыңызға,
Дос түгіл тілемейтін қасыңызға.
Дәл осындай қиын сәтте жетелеген
Спорт дейтін серік келді жаныңызға.

Кешегі сәби бүгінгі Ғабидулинна Зульфия!
Қыран құстай қос қанатты көк аспанда тең жая,
Қиындықты еңсеруде табандылық танытып,
Мықты екенін дәлелдеді ол жеңімпаз атанып.

Бұл күндері мойындатқан әлеміңді,
Жеңіп шыққан артқа тастап бар еліңді.
Анау жылы Риодан жолдап едің,
Қазағыма "Жеңіс" деген сәлеміңді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз