Өлең, жыр, ақындар

Төсiңнен тоят бердiң...

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 518
Төсiңнен тоят бердiң... Қанды шөлiм.
Ернiңнен есiм кете балды iшемiн.
«Махаббат бар!» дегенге – мəңгi сенiм!
«Махаббат жоқ !» дегенге – қарғыс, өлiм!
Махаббат жоқ деген сөз жалған, бекер!
Сүймеген, сүйiспеген арманда өтер.
Уыты, ұрттай қалсаң, бойды алатын
Тəнiңнiң тəттi уы бар балдан бетер.
Ұрттадым сол бiр удан... Шала маспын.
Емiндiм ерiнiңе... Ала қаштың...
Жүрегiм аласұрды арғымақтай
Маңайын мың айналған мама ағаштың!
Жүрегiм аласұрды... Босанбақ, ə?
Қозғалсам, қолым тиер қос алмаңа.
Айтпақсың əлдененi əлiң құрып,
Булықсып, бұла денең босаңдана.
Балбырап балаусадай жүзiң-өңiң,
Албырап, алаулайды қызыл ерiн.
Жаңа айдың жүзiн көрген рəуiште
Қараймын, үздiгемiн, үзiлемiн...
Ақық жас кiрпiгiңнен ағып төмен,
Талаурап талма бойың, талыққан ең...
Халiңдi осы сəткi – Қайраңдағы
алқынған ауа жетпей балық дер ем...
Түн iшi,
Күңгiрт,
Жым-жырт шағын бөлме.
Лапылдап жанып жатыр жалын кеуде.
Жалынға ернiм күйiп өпкен сайын,
Жан құмар «жарым» деуге, «жаным» деуге.
Алдымда – балқып, ерiп баратқан Ай...
Жəннатың осы ма едi, жаратқан-ай?!.
Тiлегiм жалғандағы жалғыз ғана:
«Лайым таң атпағай, таң атпағай...»



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен сенi жiберер ем гүл жайнатып

  • 0
  • 0

Мен сенi жiберер ем гүл жайнатып,
Балаша еркелетiп, күнде ойнатып.
Қайтейiн, бұлың жалған – бұл фəниде
Еншiме бұйырмаса мұндай бақыт.

Толық

Жылдар салып араға

  • 0
  • 0

Жылдар салып араға,
Өмір өтіп бара ма:
Көңіл шіркін, күздегі,
Жапырақтай сарала.

Толық

Мен ақынмын

  • 0
  • 0

Мен ақынмын –
Періштемін ендеше!
Сенбегендер өзі білсін, сенбесе.
Өзге түгіл Аллаға аян ақиқат

Толық

Қарап көріңіз