Өлең, жыр, ақындар

Қалқам да емес

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 325
Қалқам да емес,
Шолпан да емес,
Ай мүсiн
Жанарыңа лағыл жаққан Лəйлiсiң!
Алты алаштың аймағына мəшүүрсiң,
Алты əлемнiң аумағына əйгiсiң!
Көкшедегi көрме тектес қайыңсың,
Көрген кiсi қайтiп көзiн айырсын.
Үр қызынан үркер ерткен қасына
Үлбiреген мақпал мiнез, мəйiнсiң.
Сан сабағы сəусiлдеген сəмбiсiң,
Сымбаттысың, сəукеледей сəндiсiң.
Таңдайыңнан ери шыққан тəттi əуез
Елестетер көз алдыма таң құсын.
Хан сарайдың iшiндегi Ханшасың
Халайықтың қайыл қылған баршасын.
Көздiң жауын ала түскен алмасың,
Жаз бағында жаңа пiскен алшасың!
Шырын да өзiң,
Шекер де өзiң,
Бал да өзiң!
Алма мойын,
Талма бойың,
Тал кезiң...
Таңғажайып түстi қимай жатамын
Тəттi ұйқыдан оянғанда таңбозым...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қорқытты көрдім түсімде

  • 0
  • 0

Қорқытты көрдім түсімде:
Қобызсыз,
Қоңсыз пішінде...
Дүміне жалау байлаған

Толық

Ностальгия

  • 0
  • 0

Бірден-бірге азайып отты өлеңім,
Көз мұңымен қарайды көпке көңілім.
Өткені ме шынымен жазғы наздың,
Өткені ме шынымен көктемемнің?

Толық

Естімегелі көп болды тырнаның үнін

  • 0
  • 0

Естімегелі көп болды тырнаның үнін,
Құрмады бүгін
Сауығын қырдағы күнім.
Сызылып күлген шағына қызығушы едім,

Толық

Қарап көріңіз