Өлең, жыр, ақындар

Мен үшiн жаралғаның анық екен

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 332
Мен үшiн жаралғаның анық екен,
Өзгенiң əнi бөтен, жаны бөтен.
Тəуекел қайығына бiрге мiнсең,
Аман-сау от пен судан алып өтем.
Бiр мiнсек тəуекелдiң қайығына,
Бата алмас ешкiм бiздi айыруға.
Аңдыған адам болса соңымыздан,
Ат-шапан төлер ме едiм айыбына.
Белгiлi сенi ешкiмге қия алмасым,
Берiлiп кетсем, кешiр, қиялға шын...
Əзiрге қол жетпестей биiктесiң,
Əзiрге көз жетпестей қияндасың.
«Ештен кеш жақсы екенiн» бiлсең еттi,
Кiм сүйiп, менен бұрын кiм сенi өптi?
«Күнiм!» – деп күрсiне бiр тiл қатқанда
Күлiмдеп құшағыма кiрсең еттi.
Мен үшiн жаралғаның айдан анық!
Айымды қайымдаған қай қара бұлт?
Теуекел кемесiне бiрге мiнсек,
Кiм бiлсiн, тоқтарымыз қайда барып...
Мен үшiн жаралғаның анық екен!
Өзгенiң əнi бөтен, сəнi бөтен.
Көз жұмып,
Көңiлiңдi берсең маған –
Аялап алақанға салып өтем!..
Мен үшiн жаралғаның анық екен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң

  • 0
  • 0

Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң.
Жайсыз түс жанға ерiксiз түсiрер мұң.
...Еңiсте жатқан саған еңiреп кеп,
Ұсынып тұр екенмiн үсiген гүл.

Толық

Жапырақ кешер күн келді...

  • 0
  • 0

Шаңқай бір шақта шағынып
Айтарсың арзу кімге енді:
Жабырқау тұман жамылып,
Жапырақ кешер күн келді.

Толық

Қарғам-ау, Сiз қайдағы, бiз қайдағы

  • 0
  • 0

Қарғам-ау, Сiз қайдағы, бiз қайдағы...
Көңiлге мұң мекендеп, күз жайлады,
Елесiң /өзiң түгiл/ еске түссе,
Жүрегiм сыздайды əлi, сыздайды əлi...

Толық

Қарап көріңіз