Өлең, жыр, ақындар

Бергей де Алла тiлектi

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 305
Бергей де Алла тiлектi
Келгей де көктем, жаз айым.
Жаралы жазған жүректi
Тiлiммен жалап жазайын.
Қайғының қауып қақпаны,
Қансырап қалған мендейдi
Балауыз шамдай бақтағы
Балауса гүлдер емдейдi.
Жалғаспай жазға назды əуен,
Жайратып жанды кетiп ең...
Қаз-қатар аққу, қазбенен
Қайта бiр келшi, өтiнем.
Жауқазын жаулап өңiрдi,
Жамылсын желек жас қайың.
Жаңылтпаш – мынау өмiрдi
Жаңадан, жаным, бастайын!
Көктей ме көңiл көктемсiз?
Көкседiм көне əн сазын...
Өзендей ағып өткелсiз
Өзiңсiз өттi қанша жыл?..
Оянам шошып түсiмнен,
Түндiгiң түнде түрiлсе...
Қаптаған елдiң iшiнен
Қадiрiң, қайтем, бiлiнсе?
Сергелдең кешкен сезiмдi
Сенделтпей берi қақпайла.
Бiреумен болған кезiңдi
Көргенше көзiм ақпай ма?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түрме

  • 0
  • 0

Аша алмай өле-өлгенше түрме есігін,
Тербеймін таң атқанша түн бесігін.
Мен де бір,
Гүлзардағы бұлбұл да бір

Толық

Ақын

  • 0
  • 0

Жай ұстап туған жатырдан!
Ашынса – ашу шақырған!
Шалдуарларға шарт сынба,
Алдиярларға – ақылман.

Толық

Қауышу

  • 0
  • 0

Мен саған өкінбеймін кеш келдің деп,
Онсыз да өмірімнен өшкен күн кеп.
Сен маған қарсы жүріп келетқанда
Жүрегім дүрс-дүрс соқты:

Толық

Қарап көріңіз