Өлең, жыр, ақындар

Саған қолым жетпесiн көктегi айдай

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 335
Саған қолым жетпесiн көктегi айдай,
Iшiңе енiп кетпейiн көк тоғайдай.
Алты қырдың астынан үн қатсам да
Алған беттен қайырылып,
тоқтамай ғой.
Саған қолым жетпесiн тəттi армандай,
Əбдiренi болмайын ақтарғандай...
Амалымнан таусылып, абыржиын
Қамалына қытайдың тап болғандай.
Саған қолым жетпесiн созғаныммен,
Борсықтайын болмайын бозға кiрген.
Өзеуремей қоя түр елден ерек,
Өлең жаза бастасам өз халiмнен.
Саған қолым жетпесiн ұмтылғанмен,
Кiлтiңдi алып, ашпайын құлпыңды əлден...
Жай-күйiме қарама жаның ашып,
Жанарыма жаутаңкөз мұң тұнғанмен.
Саған қолым жетпесiн...
Жеткен күнi –
Құшағымда қурайды көктем гүлi.
Өмiрiңнiң бiлтесi өшiп-жанар,
Көңiлiңнiң мұнартып көк теңбiлi.
Саған қолым жетпесiн бұл жалғанда,
Шығып кеткен жандай бол тым заңғарға.
Шыбын жаным үстiңе үйiрiлiп,
Шырыныңды сорайын... бүр жарғанда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күз, қыз және мен

  • 0
  • 0

Көргенде жапырақтың сарғайғанын
Есiңе түседi екен қай-қайдағың...
Жаңғыртып жер мен көктi, тау мен тасты
Келедi жарым түнде айғайлағым.

Толық

Сен өзiң түрлi-түрлi-түрлi екенсiң

  • 0
  • 0

Сен өзiң түрлi-түрлi-түрлi екенсiң,
Мiнездi түрлi-түрлi кiм көтерсiн.
Ақынды ақылынан адастырып,
бiр күнi бұл күйiңмен жынды етерсiң.

Толық

Қол созғанмен жете алады Күнге кiм?

  • 0
  • 0

Қол созғанмен жете алады Күнге кiм?
Шер буғанда шағушы едiм гүлге мұң. . .
Кiндiгiне сырға таққан қыздардың
Түндiгiнен Ай қарай ма, бiлмедiм.

Толық

Қарап көріңіз