Өлең, жыр, ақындар

Мен сенi жақсы көрем баяғыдай

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 505
Мен сенi жақсы көрем баяғыдай,
Жанымды жақсы көрген ая, құдай.
Жалп етiп өшер шамдал, жел үрлесе,
Жалт етiп өтер жалған жай оғындай.
Жалт етiп өтер жалған сенен, менен...
Қалайын жайымды айтып өлеңменен:
Алдыңнан шығар ем-ау алып-ұшып
Бiр ауыз сөзiң болса «келем» деген.
Өзiңдi теңей де алман ешкiмге мен,
Обалы кiмде гүлдiң кеш гүлдеген?
Алдыңнан шығар ем-ау алып-ұшып,
Бiр ауыз сөзiң болса «кештiм» деген.
Арадан аялдамай ай, жыл өттi,
Қайтейiн, қайғы жеттi – Лəйлi кеттi.
Қашықтық жұбатпайды жай көңiлдi,
Ғашықтық жылатпайды қай жүректi?
Жазалап жалғыз сəтiм жазым басқан,
Қинайды жан жарасы жазылмастан.
Аялсыз көңiлiмнен көктем көшiп,
Баянсыз барады өтiп жазым бастан.
Мен сенi жақсы көрем баяғыдай,
Жанымды жақсы көрген ая, құдай.
Жалп етiп өшер шамдал, жел үрлесе,
Жалт етiп өтер жалған жай оғындай.
Мен сенi жақсы көрем баяғыдай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен бір оңып тұрғандай...

  • 0
  • 0

Көктің көзі нұрланбай,
Суық қарап сұрланды Ай.
Мелшиеді дүние,
Мен бір оңып тұрғандай.

Толық

Ел еңсесі есті ұлды

  • 0
  • 0

Ел еңсесі есті ұлды
Езетіні қинайды.
Тіршіліктен бес күнгі
Безетіні қинайды.

Толық

Қазақ

  • 0
  • 0

Бір-біріңнің артыңа шала байлап,
Үлкеніңді саласың балаға айдап.
Тəңіріңді танымай,
Тайқазанда

Толық

Қарап көріңіз