Өлең, жыр, ақындар

Қайда беттеп баратсың

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 277
«Қайда беттеп баратсың, – деп, – əу, батыр?»
Екеумiздiң арамызда тау жатыр.
Ғұмыр жетпес тауды айналып өтерге,
Қаңғырудың қажетi не бекерге?
Төте жол да жоқ екенi белгiлi,
Не болмақшы тағдырымыз ендiгi?
Естiрмiсiң атыңды атап «əу» десем?
Əудем жерде жүр ме екенсiң əлде Сен?..
Жаңғырығып сала берер тау iшi,
Тамшының да талып шықса дауысы.
Жоқ қой бiрақ ол немеңде тiл де дiл,
Жан даусыма жауап берер кiм менiң?
Сен ар жақта... Мен бер жақта зар қақтым,
Арамызды жiбередi жалғап кiм?
Көкжиекке көмiлдi, əне, көшiп Күн...
Айды да анау айғайыммен шошыттым.
Үңiрейген түн iшiнде шоқ бүркiп
Үкi көздi Үркер де анау кеттi үркiп.
Жан сарайын жарық етер бар ма шам?
Атар екен алаңсыз бiр таң қашан?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төрдегі орным көрінер тұманданып

  • 0
  • 0

Төрдегі орным көрінер тұманданып,
Сыртта тұрып есіктен сығаласам.
Елдегі орным көрінер, ерте есейіп,
Егделердің ішіне сыналасам.

Толық

Көктемнің бұла бұлттары-ай!

  • 0
  • 0

Желіп те желіп жететін,
Жаяуды баяу құптамай,
Төгіп те төгіп өтетін
Көктемнің бұла бұлттары-ай!

Толық

Ағып түскен аспаннан жұлдыздайын

  • 0
  • 0

Ағып түскен аспаннан жұлдыздайын
Ағараңдап көрiнер күндiз қайың.
Таппай ыңғай мен жүрмiн тiлдесуге,
Ақ қайыңдай сылайды бiр қыз бойын.

Толық

Қарап көріңіз