Өлең, жыр, ақындар

Алып кетшi көгiңе жерден менi

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 502
Алып кетшi көгiңе жерден менi,
Жалықтырды жаһанның сергелдеңi.
Кеңiстiктiң лебi ыстық керiмсалы
Емдер ме едi мендей бiр шерменденi...
Қайда барам қара үзiп сенделгенде?
Перiште боп кете алмас пенде өлгенде.
Қарашығым айналып қара түнге,
Қалғып кетiп жүрмейiн сен келгенде.
Алып кетшi көгiңе ертең, бүгiн...
Еркiм, сертiм өзiңде, еркем, гүлiм.
Көз ұшынан көшейiн көкжиекке
Көл түбiне батқандай желкендi Күн...
Қайда деме...
Махаббат қайда деме – жүрегiңде,
Шапағат қайда деме – тiлегiңде.
Берекем қайда деме – отбасында,
Мерекем қайда деме – көп қасында.
Ай, Күнiм қайда деме – аспаныңда,
Байлығым қайда деме – бас жағыңда,
Қайғы, мұң қайда деме – қас қағымда.
Тiрлiгiм қайда деме – таң атқанда,
Ырзығым қайда деме – Жаратқанда.
Жұлдызым қайда деме – маңдайыңда,
Ұл-қызым қайда деме – өн-бойыңда.
Бұлағым қайда деме – тау маңында.
Бұлбұлым қайда деме – бау-бағыңда,
Жауларым қайда деме – шалғайыңда,
Бақытым қайда деме – жан жарыңда,
Базарым қайда деме – балларыңда.
Ажарым қайда деме – таң нұрында.
Ажалым қайда деме – тағдырыңда,
Шырағым қайда деме – Шаңырақта,
Тұрағым қайда деме – қабiр жақта...
Жұмағым қайда деме – Тəңiр жақта...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алакүлік

  • 0
  • 0

Хақтан да қаймықпайтын Алакүлік,
Қақпаңда – қабаған ит, қара құлып.
Сен жүрсің ойнастан да олжа тауып,
Мен жүрмін Айлы аспанға қарап ұлып.

Толық

Қазақ

  • 0
  • 0

Бір-біріңнің артыңа шала байлап,
Үлкеніңді саласың балаға айдап.
Тəңіріңді танымай,
Тайқазанда

Толық

Қазақ қызы

  • 0
  • 0

Тəттi уды, шөлдеп iшкен, көлiң дедiм.
Ақ буды көлбеп ұшқан лебiң дедiм.
Аққудың көгiлдiрi,
Өмiр гүлi –

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар