Өлең, жыр, ақындар

Қарап жүрмей жүрегiмдi сыздаттың

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 317
Қарап жүрмей жүрегiмдi сыздаттың,
Ой – телегей,
Телегейге шым баттым.
Жан-жүректi жарылқар ма екенсiң –
Жарым түнде жар төсегiн мұздаттым.
Шықпай қойдың,
Шықпай қойдың сен естен!
Лебiзiң бе майдақоңыр леп ескен?
Iздегенмен табылмайтын қасымнан
Қандай қайыр күтпекшiмiн Елестен?
Сен – Елессiң!
Есi-дертiм тек сенде!
Сорым қайнап соңыңа ерiп кетсем бе...
Жазған басым жатсам-тұрсам, не шара,
Жалғыз сенi, жалғыз сенi көксеуде.
Сен – Елессiң!
Ем емессiң дертiме.
Неге ендеше ерiк бердiм өртiңе?
Саған ашық жүрегiмнiң Қағбасы –
Көкiрегiмнiң қуысына кел, түне?
Уа, бармысың, жаһандағы Жұмбағым?
Естiрмiсiң ессiз жанның мұңды əнiн?
Сенi аңсаумен өтер ме екен арманда
Азап шегiп айым, күнiм, жылдарым?..
Уа, бармысың, қара көзiм, қалқашым?
Мың жылда да мыңқ етпей ме жартасым?
Əлде, ару ма ең,
Ақтық пенен пəктiктiң
Абайсызда төгiп алған алқасын?
Айтшы, қалқам,
Ғайыпсың ба,
Шынсың ба?
Жұмбақ болсаң,
жұлдыз көзiн жұмсын да.
Сен Шын болмай,
Елес болсаң əншейiн,
Мынау дүние айналмай ма тылсымға?
...Айтшы, жаным,
Ғайыпсың ба?
Шынсың ба?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көрінсе əзірейілдей ақ самайым

  • 0
  • 0

Көрінсе əзірейілдей ақ самайым,
Мен неге зарламайын, қақсамайын?
Қалуым қалтарыста жиіледі
Таусылған насыбайы шақшадайын.

Толық

Хабарымды ел емес, жел біледі

  • 0
  • 0

Хабарымды ел емес, жел біледі,
Секемшілді сезіксіз сендіреді.
Құба жоннан асырып қу дүние,
Желмаяның өзін де желдіреді!

Толық

Қарғам-ау, Сiз қайдағы, бiз қайдағы

  • 0
  • 0

Қарғам-ау, Сiз қайдағы, бiз қайдағы...
Көңiлге мұң мекендеп, күз жайлады,
Елесiң /өзiң түгiл/ еске түссе,
Жүрегiм сыздайды əлi, сыздайды əлi...

Толық

Қарап көріңіз