Өлең, жыр, ақындар

Жазықсыз жүрек, жас жүрек...

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 968
Байғұс қыз,
Балаң көңiл байғұс бала,
Қолыңмен жанып тұрған жайды ұстама!
Ұстама!
Өртенерсiң,
Дерт емерсiң…
Өрт пен дерт өршiп кетсе –
ерте өлерсiң.
Қалауың Бақыт па едi?
Қайғы ма едi?
Жаныңа жайлы тимес жайдың оғы.
Салқында,
Сабаңа түс,
Сəл сабыр ет,
Қайғыдан қартаймайды қанша жүрек?..
Бақыт па?
Байыз таппас ол да баста,
Алтынға кiм қызықпас жолда жатса…
Жылама,
Көз жасыңды тый, қарағым,
Жылаған сайын қыздар, қиналамын.
Жылама,
Өксiгiңдi бас, мұңлығым,
Қауызын, қайта гүлдеп, ашсын гүлiң.
Күрсiнбе,
Айналаңа күлiп қара,
Адамның алданышы – Үмiт қана.
Аспанда балқи бермес əппақ Айың,
Сен оны қиялыңда сақта дəйiм.
Жылайды жұлдыздар да түн ауғанда,
Жай таппас жазған жүрек жылау барда…
Жымишы,
Езу тартшы,
Күлшi, кəнi?
Төгiлсiн кiрпiгiңнен Күн шуағы!
…Өртенiп кетесiң ғой, байғұс бала,
Жалаңаш қолдарыңмен жайды ұстама!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күле қарап заман тұр миығынан

  • 0
  • 0

Күле қарап заман тұр миығынан.
Елес көрдім ертеңнің қиырынан...
Ұршықтайын үйірген иірімнің
Шыға алатын емеспін ұйығынан.

Толық

Қыздарда да алтын, мыс, қалайы бар

  • 0
  • 0

Қыздарда да алтын, мыс, қалайы бар,
Алдандым алтын ба деп талайынан.
Аруым алтын едi...
Мысқа айналды,

Толық

Қайран, Шəмші!..

  • 0
  • 0

Аққуменен тілдескен,
Гəккуменен үндескен.
Пенделікті білместен
Періштедей күн кешкен –

Толық

Қарап көріңіз