Өлең, жыр, ақындар

Түнгі жыр

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 266
Сезiмiм саған деген салқындады,
Аптығып, алабөтен алқынбады.
Қаласа – қара судан қаймақ тартқан
Қарғам-ау, сол баяғы қалпың кəнi?
Қарғам-ау, қалпың қайда сол баяғы?
Қайда сол омыраудың орқояны?..
Көз жетпес, сөз өтпесiн бiле тұра
Көңiлiм көктегi Айға қол жаяды.
Көктегi Ай бара жатыр дөңгеленiп,
Желкенiн желқайықтай желге керiп.
Жамылып жарым түнде бозаң сəуле
Тұрмысың сол Арманды сен де көрiп…
Ай – арман,
Дүние – жалған тез өтпелi,
Беймезгiл бiз – жолаушы кезектегi.
«Көзқұмар, көрсеқызар көбелек» деп
Кезiнде кiмдер менi сөз етпедi…
Сен – жалғыз,
Мен – оңаша түн ауғалы.
Көңiлдi көлденең кеп кiм аулады?
…Сезiмге салқынсыған сыңар таппай
Жүрегiм жылауда əлi, жылауда əлi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бойжеткен

  • 0
  • 0

Сыр бермеген сыңаймен сынай қарап,
Қиғаштайды қима қас, қынай қабақ.
Қыз баланың қылығы қыл үстiнде,
Қыл үстiмен қиямет кiм ойнамақ!

Толық

Әлихан ата

  • 0
  • 0

«Атаң жəйлі не білесің,
Айтшы, кəне?» десе Дала,
«Кірді емес пе менің есім, –
Дермін оған, – кеше ғана».

Толық

Ең кемінде екі Исраил бар менде

  • 0
  • 0

Ең кемінде екі Исраил бар менде.
Ат басындай жүрегіме тар кеуде.
Тəй-тəй басып жүргеніммен бөбектей,
Əй-шайласып қалам кейде жармен де.

Толық

Қарап көріңіз