Өлең, жыр, ақындар

Әліппе

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 580
Қараңғыны қалаймын...
Жарықты өшiр.
Мақпал түнге малынсын мамық төсiң.
Саусағыммен сипалап зағиптардай
Жан-тəнiңнiң оқиын Əлiппесiн.
Əлiппенiң шашылған əрiптерi
Əлдеқайда барады алып менi...
Түн баласы секiлдi түннен туған
Ғашықтардың бəрi де зағип па едi?!
Артық па едi, шынында, түннен жалған,
Түн тылсымын бар ма екен бiлгенде арман?!
Зағип болсам болайын көзден қалған!
Ғарiп болсам болайын тiлден қалған!
Сен – өлеңсiң!
Ашылған Əлiппе – өлең!
Сырлас, мұңдас ғарiппен, зағиппеннен.
Он екiде бiр гүлi ашылмаған
Тағдырыңды ендi-ендi танып келем.
Таусылуға шақ қалып сəл-ақ шыдам,
Қараңғыда қорғаштап Қарақшыдан, –
Саусағымның көзiмен таң атқанша
Шаштарыңның əр талын санап шығам.
Құлағыңа сыбырлап əлдененi,
Еншiлеймiн еркiме жан-дененi.
Қу тiрлiктiң құлағын елеңдетiп
Елден бұрын елгезек таң келедi.
Таң келедi əлдилеп түн баласын,
Тұңғиыққа қашанғы ұрланасың?
Жұрттың бəрi күнəлi!
Жүзiн берiп
Күн бетiне ұялмай кiм қарасын?..
Таң келедi қарайлап жан-жағына,
Жарығыма –
Не дейiн жалғаныма?
Қараңғыны жоқтаған көз жасымның
Қайысса еттi қара жер салмағына!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шілдедегі ақ жауын

  • 0
  • 0

Бурабай,
Аршылады бұлтың қашан?
Мінезің бір күн босаң, бір күн масаң.
Қамыстай қаулап өскен қарағайдың

Толық

Мұңлық

  • 0
  • 0

Күннен күнге жүрегiмдi жүдетiп,
Айлар ағып... Бара жатыр жыл өтiп...
Аққу-қазы сыңсып ұшқан айдындай
Мұң тамады кiрпiгiңнен дiр етiп.

Толық

Кетпейді көзден көктем

  • 0
  • 0

Кетпейді көзден көктем,
Милықтан күз,
Ұйқыға шаш етектен ұйлыққанбыз!
Мал жиса ата-баба..,

Толық

Қарап көріңіз