Өлең, жыр, ақындар

Қанатын ғайып жақтан жайып қонған

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 298
Қанатын ғайып жақтан жайып қонған,
Қона сап заматында ғайып болған,
Көзiмнен бал-бұл ұшқан, көкешiм-ау,
Өзiңе ендi кiм бар лайықталған?
Ешкiм жоқ!
Жүретұғын айырбасқа,
Бар болса жасын соғып, жай ұрмас па?!
Айрылып қалған сəулем... құлдығымен
Қайрылып қайтедi екен қайырласса?..
Қайрылып қайтедi екен бiр көрiнсе,
Түсiме түн жамылып кiргенiнше?..
Тас екеш тас та сайрап кетер едi-ау,
Сəулешiм бiр көрiнсе.., тiл берiлсе!
Қалайша ұмытайын қас қағысын?!
Жан құрбан – жанардан нұр шашқаны үшiн!
Жапаннан жай таппаған жаңғырықтай
Аралап кетсем бе екен аспан iшiн?..
Төңкерiп тастағанда тостағанын,
Қараудан қалмап едi-ау басқа амалым.
Үкiдей үлпiлдеген төс, тамағын
Қайтерсiң қос бүршiктiң қостағанын!
Қайтерсiң көз алдыңнан ғайып болса,
Хал бiлiп,
Жөн сұрасып,
Жай ұққанша...
Қайран-ай, арман бар ма, сол ғайып құс
Қанатын жерге қайта жайып қонса?!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аямай-ақ қой менi, аямай-ақ

  • 0
  • 0

Аямай-ақ қой менi, аямай-ақ
Бiрi екен деп ақынның жалаңаяқ.
Сенiң құлқың – құныкер қу дүние,
Менiң мүлкiм – тар кепеш, табақ-аяқ…

Толық

Қараспанға қар жаудырдым шілдеде

  • 0
  • 0

Қараспанға қар жаудырдым шілдеде.
Қараша күз қарайлап тұр іргеде.
Жар басында жаңғырығып жан дауысым,
Жаратқанға айтпақ болдым бірдеңе...

Толық

Аңсау

  • 0
  • 0

Егiлдiм саған, төгiлдiм,
Ғашықтық сырын мың айтып.
Өткiншi мынау өмiрдiң
Өзiмшiлдiгi мұңайтып.

Толық

Қарап көріңіз