Өлең, жыр, ақындар

Кезiнде бəрi болған, бəрi болған

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 267
Кезiнде бəрi болған, бəрi болған,
Бүгiнде əрi шындык, əрi жалған.
Құндыз да жағамызға жараса қап,
Жұлдыз да тұрушы едi жанып алдан.
Салмақтап сақинасын Сауысқан-қыз,
Сабырды сарқып iшiп тауысқанбыз.
Көз салған көш алдына Төлегендей
Бiрiнен бiреуiне ауысқанбыз.
Бiрiнен қу қыздардың бiрi өткенде,
Жүрегiң жүрдек соғып дiр еткенде,
Баянға басымызды байлап берiп,
Күтушi ек жылы сөздi Жiбектен де.
Сұлу ғой қыз кезiнде бəрi қыздың,
Апыр-ау, сол сұлу ма –
Жарымыз кiм?
Жоғалтса сақинасын Сауысқан-қыз,
Сырғасы құлағында сары күздiң.
Бəрi рас,
Бəрi ақиқат,
Болған бəрi...
Бүгiнде жанқалтамыз толған дəрi.
Құдай-ау, бiздер қайда,
Қыздар қайда –
Ұқсаған ақтиiнге ормандағы?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұпарға

  • 0
  • 0

Тамағың пiсiп тұрса түсте сенiң,
Тарығып, мұнша əуреге түспес едiм.
Дəм түгiл талқан ғұрлы татымы жоқ
Сорпасын өзағамның iшпес едiм.

Толық

Адамға Ар – таразы əлімсақтан

  • 0
  • 0

Адамға Ар – таразы əлімсақтан.
Жазадан жалт бере алмас жанын сатқан.
Нəмəртқа,
Не айла бар намақұлға,

Толық

Жабырқау жанды жұбатпай

  • 0
  • 0

Жабырқау жанды жұбатпай
Көңiлдiң күйректеу əнi,
Көмiлген көзi бұлақтай
Кездесу сиреп барады.

Толық

Қарап көріңіз