Өлең, жыр, ақындар

«Жаным» деп сүйдiм

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 359
«Жаным» деп сүйдiм,
жар құштым,
Жалған да болса «сұм жалған».
Хабарсыз қалсам, хал мүшкiл,
Күл болмай ма онда күллi арман?
Қабарып бұлттай қабағым,
Қараймын несiн əркiмге,
Қайдада жүрсең, қарағым,
«Қамыға гөрме, бармын» де.
Қарағай төсек қатты емес,
Жатқанда жайсыз жамбасқа.
Есiл де дертiм – тəттi елес
Жалғасса...
Лəззат таңға асса!.
Бармақтан тамған бал тəттi!
«Əу» деп бiр салған əн тəттi!
Талығып сүйген тəн тəттi!
Жанығып сүйген жан тəттi!
Тəттiсiң,
Балсың,
Шербетсiң...
Тағдырға жүрмес еш өкпе!
Тəңiрiм бiздi тербетсiн
Ақ жастық, əппақ төсекте.
Кiрпiгiн iлмес түн бар ма?
Бəрi де тəттi,
Тым шырын –
Ұшып бiр кетпей тұрғанда
Кеудеңнен ыршып бiр шыбын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аға рухына

  • 0
  • 0

Аға рухына
Сен бізден озып кеттің, озып кеттің,
Азаны мен ғазалын созып көктің.
Кеңпейіл кеңістікті кезіп кеттің,

Толық

Елжіреуік бір сезім езді ырқымды

  • 0
  • 0

Елжіреуік бір сезім езді ырқымды...
Көмейіме кептеліп сөз де іркілді.
Келтіре алмай отырмын сені бермен,
Өлтіре алмай отырмын көз құртымды.

Толық

Тақ

  • 0
  • 0

Ұшқым келмейді көкке де,
Түскім келмейді көпке де.
Мен ғана емес,
Бұл таққа

Толық

Қарап көріңіз