Өлең, жыр, ақындар

Байыз таппас бақыттың

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 317
Байыз таппас бақыттың
Басқа түскен салмағы-ай:
Сенiмен бiр батып күн,
Сенсiз атқан таңдар-ай...
Берсең еттi бiр дерек
Əуезiме «əу» деп бiр?
Үмiт болсаң үргедек,
Несiне онда əуре еттiң?
Өмiр тоқып өрмектен
Арамыздан өттi ай, күн...
Хабары жоқ жер-көктен
Қадiрiңдi жоқтаймын.
Сарыауруын iзгi ойдың
Сары алтындай сақтаймын.
Неге сенi iздеймiн?
Неге сенi таппаймын?
Сағындырған кездердi
Сананда ылғи сақтау – мұң.
Құс та қайтар кез болды
Аржағынан Қап таудың.
Жанға дауа жарығы ең
Жалғыз ғана тiлектiң,
Қиын екен бəрiнен
Сыздағаны жүректiң...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түн балладасы

  • 0
  • 0

Арудың арбады ма тəнi ашылып,
Айрылды ақыл-естен бала шыбық.
Келiншек кең төсекте керiледi,
Шамасын шалажансар шарасы ұғып.

Толық

Нөсер

  • 0
  • 0

Төгіп тұр нөпір нөсер, қара жаңбыр,
Дабысы – дауылпаз-дүр, барабан-дүр!
Жердегі Баһадүрдің бəрі көкте,
Қақпайлап қас дұшпанын қамалап жүр.

Толық

Шерте бермей шер, мұңды

  • 0
  • 0

Шерте бермей шер, мұңды,
Жазмышыма көнсем-ау.
Күйiп-жанған ернiндi
Сүйiп жатып өлсем-ау...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар