Өлең, жыр, ақындар

Жүрек байғұс бүлкiл қағып

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 416
Жүрек байғұс бүлкiл қағып,
Тiл қата алмай тылсым жанға,
Құлын мүшең ырқымды алып,
Құлқым қанып... құлшынғанда,
Сиқыр сезiм сылқымданып,
Сырт бермекке ыршынғанда,
Ғашықтықтың ғұрпын бағып,
Қыз баладай қымсынғанда –
Өбек қағып, өбiп барып,
Өрттей өршiп, өлiп-талып,
Тiлегiмнiң мың мақамы
Тiл ұшына келiп қалып,
Гүлжұмақтың Тоты құсы
Көлiмнен де, төрiмнен де
Гөзал түспен көрiнгенде,
Көктем мен жаз өларасы,
Көкжиек пен көк арасы
Тiгiсiнен сөгiлгенде,
Гүлғызардың көмейiнен
Сиқырлы саз төгiлгенде!
Тəн мен жанның шекарасы
Шексiздiкке шегiнгенде –
Көзiмдi ашып, есiм жисам:
Дəл сендей қымсынып,
Дəл мендей құлшынып,
Көкке қолын ұмсынып,
Күн шығып келедi екен!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеудеңді құйын кеулеп, жел кергенде

  • 0
  • 0

Кеудеңді құйын кеулеп, жел кергенде,
Түседі-ау ғазиз басың сергелдеңге.
Емінген елігіне ессіз жүрек
еншісін егеленбей ем көрген бе?

Толық

Сен неге мұңаясың, жаным, Гүлiм

  • 0
  • 0

Сен неге мұңаясың, жаным, Гүлiм,
Түсiнер менен басқа халiңдi кiм?..
Сал-сəуiр сарсағымға айналса да
Санасы саяз тартпас сабырлының.

Толық

Сөз құны

  • 0
  • 0

Білесің бе қанша екенін сөз құны?
Көрінгеннен көрген жоқ па Ол езгіні?
Қандай күйде,
Қара қылды қақ жарған

Толық

Қарап көріңіз