Өлең, жыр, ақындар

Шаштараз

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 454
Əлия,
Қолың алтын, жаның асыл,
Жiгiттiң сенi сүйген бағы басым.
Тiзiлтiп тiстерiндi күлген сайын
Ағыңнан жұмыртқадай жарыласың.
Əппақ тiс,
Ақша маңдай,
Қызыл ерiн
Ашып тұр қызғалдақтай қыз реңiн.
Жағаға жанай бiткен жас құрақтай
Бiлсемшi кiрпiгiңнiң сүзiлерiн.
Қиылған қиғашынан қасың қара
Қарлығаш қанатындай, расында да.
Көркi – Ай,
Көңiлi жай,
Мiнезi бай
Көркем жан сендей болар асыл дара!
Өзiң тал – гүлмайысқан, өзiң – қайың,
Сырлы саз сыбызғыдай сөзiң мəйiн.
Перiште кейпiндегi кескiнiңе
Қарар ма ем тауысқанша көзiм майын.
Өңде емес, таңда көрген түс елiндей,
Тумаған ту биенiң мүшелiндей
Қыпша бел қалай ғана үзiлмей тұр
Ширыққан домбыраның iшегiндей?!
Ақпейiл, қабағы ашық қарындасқа
Ағымнан еркiм бар ма жарылмасқа?!
Шашыма саусақтарың тиген сайын
Ду етiп шапшитындай қаным басқа!
Ақ бiлек,
Сүйрiк саусақ,
Ыстық демiң...
Апырай, ауды бiлем түстiкке Күн?..
Басы бар, ал баяны өзiңе аян
Аяғын сезсең еттi үш нүктенiң...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аға рухына

  • 0
  • 0

Аға рухына
Сен бізден озып кеттің, озып кеттің,
Азаны мен ғазалын созып көктің.
Кеңпейіл кеңістікті кезіп кеттің,

Толық

Сардар

  • 0
  • 0

Ажал – аяз,
Тəн емес, жан қарыған,
Қарсы амал қапелімде бар ма бұған?
Қазақ деген ежелден ақын ел ғой,

Толық

Сен болмасаң

  • 0
  • 0

Сен болмасаң, қайтер ем?
Əй, бiлмеймiн...
Жарығы кем, жылусыз жай күндеймiн,
Түнде тұман торлаған айдындаймын,

Толық

Қарап көріңіз