Өлең, жыр, ақындар

Марфуғаға

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 286
Марфуғаға
Бейiлi мейiр-қайырлы,
Жiбектей жаны үлбiрек,
Есiмнен менi айырды
Елжiреп тұрған бiр жүрек.
Төркiнi, тегi, негiзi
Төренiң төрткүл елiндей.
Аузынан шыққан лебiзi
Бейiштiң бейпұл лебiндей.
Мiнезi жұмсақ, мəп-мəйiн,
Əр сөзiн əнге балаймын.
Алдымнан шықса Ақ қайың,
Аңызам кеуiп қараймын.
Қараған сайын қайылмын,
Жүрегiм жүрдек, тiлiм жоқ.
Қабағын бағам Айымның
Күнəлi жандай күбiрлеп.
Айтылмай қалса, сөз – қайғы,
Болмысқа нəзiк наз да – мұң.
Жүректiң қылын қозғайды
Сəуiрдей сəруар сазды əнiм.
Жан-тəндi өртеген күнде
Уыты бөлек кешкi удың.
Мен неге ерте келдiм де,
Сен неге тым-тым кеш тудың?
Аралық шалғай, не амал,
Жол түспей қойды-ау жайлауға.
Өзiмдi қалай жеңе алам,
Өзiңдi былай қойғанда?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арман

  • 0
  • 0

Қырық жамау жүрегім
Емделетін күн қайда?
Барлы менен жарлыны
Теңгеретін күн қайда?

Толық

Тұңғиық теңiз түбiне

  • 0
  • 0

Тұңғиық теңiз түбiне
Отырма ойды батырып.
Шаттан, күл туған күнiңде
Шараптан ұрттай отырып.

Толық

Қараша

  • 0
  • 0

Желігі – Жаз,
Елігі – Наз,
Дерті – Өлең,
Еркі, көркі елден ерек еркем ең...

Толық

Қарап көріңіз