Өлең, жыр, ақындар

Елім менің

Қалың елім, қазағым, қара орманым,
Мен перзентің, өзіңсің бар арманым.
Дүниеде ел болмас сенен ыстық,
Кеңдігіңе пейіліңнің таң қаламын.

Кеңдікте бар, даламда дархандықта,
Пәктікте бар, бар онда жомарттықта.
Байлық көзі кең далам жазиралы,
Дастарханым көрсеткен мырзалық та.

Дала, дала даладай көңіл менде,
Жақсылықты танымас, бiлмес пенде.
Пәк сезімім өзіңде тамыр жайған,
Бәйшешегім гүлденген мәңгі сенде.

Жаным бірге сенiмен, тәнiм бiрге,
Көз жұмамын, кiремiн сенде көрге
Кең әлемнің, бөлшегі алтын елім,
Салиқалы ел болып, шықшы төрге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Не жақсы

  • 1
  • 0

Бір дегенде не жақсы
Адал жүрек, бал дәурен
Балалық кез сол жақсы
Екi дегенде не жақсы

Толық

Балақан

  • 1
  • 0

Атасының ботасы
Әкесiнiң қозысы
Атасының құлыны
Әкесiнің жұлыны

Толық

Ұстаздардың ұстазы

  • 0
  • 0

Ұстаздан білім алады,
Батырлар да, дана да.
Ұстаздың еткен еңбегі,
Қалады мәңгі санада.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар