Өлең, жыр, ақындар

Жүрегiмде – мың бiр қайғы, мың бiр мұң

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 287
Жүрегiмде – мың бiр қайғы, мың бiр мұң:
Желегiмдi жел мен жылға жұлдырдым.
Сүйгенiмдi, күйгенiмдi қайтейiн,
Байқаусызда бəрiн, бəрiн бүлдiрдiм.
Махаббат жоқ...
Бəрiн, бəрiн бүлдiрдiм.
Мың бiр түн мен өтiп кеттi мың бiр күн...
Баудың күзгi iреңiндей күлгiнмiн,
Таудың күзгi сiлемiндей бұлдырмын.
Махаббат жоқ!
Бəрiн, бəрiн бүлдiрдiм,
Кiм бiлiптi қайрылмасын құрғырдың.
Жынды адамдай бiр жыладым, бiр күлдiм,
Тауға, тасқа табанымды тiлдiрдiм.
Махаббат жоқ,
Күдерiмдi мəңгi үздiм.
Жаһандағы, жапандағы жалғызбын.
Жанталасып өзiмдi iздеп, жай таппай,
Жанарына үңiлемiн əр қыздың.
Махаббат жоқ,
Мен де жоқпын, не керек...
Жоқ болған соң кiм есiркеп, елемек?
Дəл осылай өтушi едi-ау өмiрден
Отқа күйген көзсiз байғұс көбелек...
Махаббат жоқ...
Күн өткiзiп күрсiнмен,
Тiлдесемiн, күн кешемiн тылсыммен.
Ел iшiнде, өзiм емес, Елестей
Сүйретiлiп келе жатыр күр сүлдем.
Махаббат жоқ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкең бе?

  • 0
  • 0

Көкең бе?
Көкең сенің,
Көкең сенің
Сорып жүр Жезтырнақтың жеті емшегін.

Толық

Кеңшілік Мырзабековке

  • 0
  • 0

Торғайдан ұшқан,
Соры қайнап ұшқан Ителгі,
Болмысқа мынау бола алмадың-ау икемді.
Қауыштың ерте қаланың қақ-соқ салтымен,

Толық

Маңдайының тері ащы, тұзы қалың

  • 0
  • 0

Маңдайының тері ащы, тұзы қалың
Мен Ертеңнің еліне қызығамын.
Бүгініме бүйрегім бүлк етпейді:
Ақпаны айқын,

Толық

Қарап көріңіз