Өлең, жыр, ақындар

Алтай

  • 22.11.2015
  • 0
  • 1
  • 4471
Кәрі Алтайдың жонынан кен атады,
Дабылымен еңбекті оятады,
Алтын атқан Алтайдың өрі-қыры,
Жігерімді масатпен қайнатады.
Алтын, күміс жерінен жентектеліп
Алып күшпен боратады.
Сауық-сайран кеш болса
Еңбек әнін қосылып шырқатады.

Қайырмасы:
Бүгін Алтай,
Жаңғырғандай,
Ұйқысынан оянып,
Шаттанғандай.



Пікірлер (1)

Айнура

мен қосылам

Пікір қалдырыңыз

Жонып алды

  • 0
  • 0

Өлеңді айт дегенде тасып берем,
Мергендей көзден түзу атып берем,
Ағалар басын қосқан мәжілісте,
Әніне «Жонып алды» басып берем.

Толық

Қарталы

  • 0
  • 0

Арқаның асқарында асау белде,
Бәйшешек жасылданған қызыл гүлде,
Сағымын сардаланың жатыр қиып,
Оранған әсем арқа үл мен бүлде.

Толық

Жаңа өмір

  • 0
  • 0

Жастар да албырт жүрек қыран көзді,
Сезімді, көңілі зерек, өткір сөзді.
Ұстазым ұлы көсем арқасында,
Аспандап абыройдың тұрған кезі.

Толық

Қарап көріңіз