Өлең, жыр, ақындар

Шəмші Қалдаяқовқа

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 329
Шəмші Қалдаяқовқа

Аспанға ұштың...
Жерде едің.
Қай жаққа қанат сермедің?
Белес пе, əлде көргенің?
Елес пе, əлде ергенің?
Ұшқан құс көлге қонбай ма,
Ұясыз, үйсіз тоңбай ма?
Қыдыр да болып бір күні
Қыдырып келсең болмай ма?
Жарығын іздеп жалғанның
Қара түн ішін қармандым.
Жол жаққа күнде қарайлап,
Сен жаққа мен де қамдандым.
Дертіме қандай дару бар?
Дегбірім қашан дамылдар?
Адасып қалды-ау аққулар,
Аһ ұрып қалды-ау арулар...
Айларға жылдар жалғанар,
Ай туар,
Көкте шам жанар.
Аспан мен Жердің арасын
Арманға бөлеп əн қалар...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң

  • 0
  • 0

Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң.
Жайсыз түс жанға ерiксiз түсiрер мұң.
...Еңiсте жатқан саған еңiреп кеп,
Ұсынып тұр екенмiн үсiген гүл.

Толық

Қараспанға қар жаудырдым шілдеде

  • 0
  • 0

Қараспанға қар жаудырдым шілдеде.
Қараша күз қарайлап тұр іргеде.
Жар басында жаңғырығып жан дауысым,
Жаратқанға айтпақ болдым бірдеңе...

Толық

Бұл қазақта...

  • 0
  • 0

Бұл қазақта екі сөздің бірі өлең,
Қайсыбірін таңдайды ел?
Аяққаптай кеудемізді шіреген
Апыр-ау, бұл қандай жел?

Толық

Қарап көріңіз