Өлең, жыр, ақындар

Күрсіндірді мына күз

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 306
Күрсіндірді мына күз,
Желек көркін жел үптеп.
Желпілдейді құла дүз
Желмаяға еліктеп.
Елжіреп те елбіреп
Тұратұғын далам-ай...
Селеу басы селдіреп
Қалыпты ғой, обал-ай...
Жаның құлай жығылып
Сыбызғыға, сырнайға,
Жусан исін құнығып
Жұтатұғын күн қайда?
Жез қанаты желпілдек
Жер құшқан ба көбелек?..
Неге сонша еңкілдеп
Жүгіреді ебелек?
Мынау ызғар, мына сыз
Өпті дей ме бетімнен, –
Жан-жағына күнəсіз
Жаутаңдайды жетім көл.
Ойыны ма, шыны ма –
Бұлт қабағын шытынды,
Əкесінің ұлына
Ұрысқаны сықылды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көз алдымнан сағымдай сен көшкелi

  • 0
  • 0

Көз алдымнан сағымдай сен көшкелi
Айдарымнан аңқылдап жел де еспедi.
Қарашадан қаймығып қайтқан құстар
Қайта айналып көлiне келмес пе едi?..

Толық

Аямай-ақ қой менi, аямай-ақ

  • 0
  • 0

Аямай-ақ қой менi, аямай-ақ
Бiрi екен деп ақынның жалаңаяқ.
Сенiң құлқың – құныкер қу дүние,
Менiң мүлкiм – тар кепеш, табақ-аяқ…

Толық

Сен менi тұсаулама, тұсаулама

  • 0
  • 0

Сен менi тұсаулама, тұсаулама,
Жүрмейдi кiсенделiп кiсi аулада.
Сенiкi – секемшiлдiң сергелдеңi,
Менiкi – сал-серiге ұсау ғана.

Толық

Қарап көріңіз