Өлең, жыр, ақындар

Ешкімді

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 382
Ешкімді,
Керек етпен ештеңені.
Көңілім – көне қобыз, көшкен өңі.
Бұт қысып бұралқы иттей қыңсылаған
Жалғанның жалықтырды ескі əуені.
Ешкімді,
Керек етпен ештеңені.
Өмірім өзімшілге өш келеді:
Ертпесең ертпей-ақ қой көшке мені!
Алмасаң алмай-ақ қой еске мені!
Жетімдей ертелі-кеш еңіреген
Жек көріп кетсем кешір, сені де, Өлең.
Қазымыр қарашаға жұртын тастап
Қаз-тырна қайтып жатыр легіменен.
Қаз-тырна қайтып жатыр лек-легімен,
Қаймығып қара күздің өкпегінен.
Өзеуреп, өле жаздап тұрмаған соң
Өзім де кейбіреуге жек көрінем.
...Ешкімді,
Ештеңені керек етпен!
Енші алғам керегімше кереметтен...
Көңілді елеңдетер ештеңе жоқ,
Бəрі де маған келіп, менен өткен.
...Ешкімді,
Ештеңені керек етпен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көк көйлек

  • 0
  • 0

Көктемде мынау көңілден көшсін қаяу-мұң,
Көк көйлегіңді киіп бір шықшы, аяулым.
Көк белмен көшіп, көкжиек асып кетейік,
Бетке алып біздер тамаша, думан, той аулын.

Толық

Алаулап атқан таңдардың

  • 0
  • 0

Алаулап атқан таңдардың
Əуенiн бар ма жалғар күн?
Əуелеп ұшқан арманның
Қанатын қайтiп қармармын?

Толық

Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң

  • 0
  • 0

Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң...
Дертiме дауа iздедiң, дəрi бердiң.
Қидың-ау маған бола ғұмырыңды,
Үйдiм-ау бiр басыңа əбiгер, мұң,

Толық

Қарап көріңіз