Өлең, жыр, ақындар

Ғажапсың, Өмір, ғажапсың!

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 562
Ғажапсың, Өмір, ғажапсың!
Қайғыдан қалай азатсың?
Таңғы ауаңменен талдыршы,
Тамырда қаным таза ақсын.
Көкіректен мəңгі шер кетсін,
Еркетай көңілім ержетсін.
Табиғат – ана əлдилеп,
Талбесігінде тербетсін.
Аптыққан көңіл басылсын,
Аспанның көзі ашылсын.
Əлемнің күллі ағыны
Кеудеме келіп бас ұрсын!
Тылсымның түріп түнегін
Алдымнан шықсын Жібегім.
Жанарым тұрсын жасаурап
Жарыла жаздап жүрегім.
Айықсын дерттен өн-бойым,
Ажалым жетпей өлмейін.
Көкірегім тұрсын шымырлап
Көгілдір қонған көлдейін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сөндiргенше өртiңдi

  • 0
  • 0

Сөндiргенше өртiңдi
Кiндiгiңе көл тұнды.
Кiрпiгiңнiң қылшығы
Қытығымды келтiрдi.

Толық

Айна алдындағы ару

  • 0
  • 0

Сүймеген əлі ешкім де қаймақ ернін,
Түспеген уысына майдагердің,
Ажары айдың үзік сəулесіндей,
Апырай, хас сұлуды қайда көрдім?

Толық

Мен Тазы бола алмадым жылмаңдаған

  • 0
  • 0

Мен Тазы бола алмадым жылмаңдаған,
Жылдарға жете алмадым жылдамдаған.
Соңынан қу түлкінің қуамын деп
Несіне құла дүзде құрбан болам?

Толық

Қарап көріңіз