Өлең, жыр, ақындар

Лена

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 248
1912 жылы Лена жұмыскерлерінің қанды оқиғасында бірге болған Угарға арнадым.

1
Әлдеқайда, қараңғы бір бұрышта,
Жақында емес, сонау Қиыр-Шығыста...
Еңбек еткен, мыңдаған жұрт бар еді,
Күн-түн демей жүретұғын жұмыста.
Ол мыңдардың көрген күні түн еді,
Көрген жарық өлген күнмен бір еді,
Күні бойы «ауа» орнына шан, жұтып,
Қайтып келіп тағы сазға түнеді.
Жүз кез жердің үңгірледі балшығын,
Көл боп суы ағып жатқан тамшының,
Қойын-қоншы саз-балшыққа лық толып,
Тауса алмайсың келсе-дағы аршығың.
Қолда фонарь, көкшіл тасты қулады,
Кеп іздеді табылмады бунағы.
«Динамитті» тығып қойып соққанда,
Тас асаудай күл-дал болып тулады.
Отқа күйіп тастан алтын қорытты,
Көп қорытты, көп істеді, зорықты,
«Еңбек ауыр, тұрмыс нашар!» дер еді,
Бата алмады, иесінен қорықты.
Қорлық өтті — шыдамады, ерленді,
«Бейнетті азайт, ақыны мол бер» деді...
Көп жылады, көп жыл жасы кел болды.
Тілектерін бірақ байлар бермеді.
Көп жылады, жасын ешкім имеді,
Енді кегін басқаша ой биледі:
Жұмыс тастап жатып алды жанжал қып —
Иенің де шаруасы күйреді.
Жанжал арты аққан қанмен жуылды.
Көбі атылып, көбі орнынан қуылды,
Кездерінен жас орнына қан ақты,
Үзілді үміт, енді көңіл суынды...

2
Әлдеқайда, қараңғы бір бұрышта,
Жақында емес, Қиыр сонау Шығыста,
Еңбек еткен мың-мыңдаған жандар жүр,
Сегіз сағат мезгілімен жұмыста.
Ортасында «Фабзавком» бар сайлаулы.
Заводында қызыл жалау байлаулы.
Не тілесе бәрі даяр алдында,
Клубы бар, демалуға арнаулы.
Балаларға арнап мектеп салынған,
Білім тасып тартып жатыр тамырдан,
Сауатсыздық түгелінен жойылып,
Қараңғылық көңілінен арылған.
Ұлы-кіші түгелінен көңілді,
Істейтұғын еңбегі де өнімді,
Жанжал, дау жоқ, тату-тәтті өмірі,
Бірліктері бұзылмауға сенімді.
Өлеңдетіп кекшіл тасты қопарын,
Өлеңдетіп қорытуға апарып,
Өлеңдетіп ендірісті ендіріп,
Істеп жатыр бұрқыратып қотарып.
Неге бұлай? Заман қазір өзгерді,
Теңдік күнді жарқыратып көз көрді,
Көп алысып, кеп жыл жылап, күресіп,
Еңбекшілер басып түсті безбенді.
Қазір завод — жұмыскердің ез мүлкі,
Енді іс жоқ түсінбейтін көрбілте,
Енді елдің түп қазығы соларда,
Енді елдер — жұмыскердің өз жұрты.
Жаса, Лена, қан да, бал да ұрттадың!
Алтын бер деп күтіп отыр жұрттарың
Не кермедің, не нәрсеге көнбедің
Қазір ғана жарық жерге шыққаның!

1926



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күннен күшті большевик

  • 0
  • 0

Күштісі күштілердің күшті алтын күн,
Жыл бойы: нелер миллиард, миллион, мық,
Ұршықтай айналдырып бар әлемді
Келеді бар дүниеде оған тең кім?

Толық

Әжем

  • 0
  • 0

Алпысқа аяқ басты менің әжем,
Алпыс жаста «кәрімін» деді ме әжем,
Отпен ойнап, күлменен арпалысып,
Алпыс жаста алған жоқ демін әжем.

Толық

Сәбидің өліміне

  • 0
  • 0

Дейтін де «бала адамның бауыр еті»,
Бауырымның жарылғандай болып еті,
Барады өртеніп іш!.. Неткен жара!..
Жазуға келер кімнің құдіреті?!

Толық

Қарап көріңіз