Өлең, жыр, ақындар

Мәдени бәсеке

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 396
1
Культурная эстафета!
Ура!
Колхоз және совхоздар,
Өндірістер, ұйымдар —
Тура
Бетін Москваға
Қойған.
Шуға,
Айқайға, ұранға
Қызбаған Совет елінде
Жан жоқ.
Туға
Түсті қанқызыл,
«Ура, ура, уралап»
Ұмтылды жұрт.
Буға
Аспан бусанды,
Жер жаңғырды.
«Қума!
Қума, қума!»—
Деп жан айтпайды.
Сөздері
Жарыс!
Қу! Жет! Оз!
Бәйге ал!
Тума
Совет ұлы боп,
Кейін тартып кежегең,
Артын алсаң, жарыстан!
Дуда
Бұл жұрт түгел қатынасқан,
Әркімге озу серт,
Кім озса, бәйге алар сол.
Шығуға
озып немесе
Бұғуға
Қорқып,
Осыдан
Ұғуға
Бұл жарыстан
Басқа жол жоқ,
Жолдастар!

2
Маягім —
Москва жол нұсқар!
Аяғын
Аттап капитал,
Саған қарай қорықпаса,
Басып көрсін!..
Саяғын
Фашист, банкир сықылды
Бояйын қанға!
Жаяйын
Қанатымды кеңірек,
Дүниенің жүзіне.
Аяйын
Не жанымды
Культурная эстафета
Жорығында!
Қояйын
Қимылымды көрсетіп,
Жер жүзінің байына!
Маягін
Бостандық жерінің
Көрсетейін әлемге,
Сақтауға,
Елім даярын!..

1931



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ленин жолы

  • 0
  • 0

Адам!
Сен тарихыңның өн бойында,
Атқардың таңқаларлық талай істі.
Тек қана, жалғыз арман жүрді ойыңда,

Толық

Маршалдың приказы

  • 0
  • 0

Москва!
Кең,
Көрікті
Қызыл Алаң!

Толық

Балқаштың түні

  • 0
  • 0

Түн. Кең дала қалғыған секілденіп
Үнсіз тұр. Аспанда жоқ шөкім бұлт.
Сәулесі жұлдыздардың шабақтардай,
Бір сүңгіп, бір малтиды суда тұнық.

Толық

Қарап көріңіз