Өлең, жыр, ақындар

Елка

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 431
Балалар, бізге елкаға
Келді міне дед Мороз;
Кел, дед Мороз, дед Мороз,
Жоғары шық, төрге оз!
Сақалын, сұлу күмістей,
Кіршіксіз киім қардай боз;
Елкаға кел, баланың —
Сәлемін ал, қолың соз!
Тоңсаң жылын, дед Мороз,
Елканың оты жағылған,
Шығым жылы болсын деп,
Елка тонын жамылған.
Қызықты тоным болсын деп,
Қымбатты заттар тағынған;
Елкаға кел, ардақты
Дед Мороз, қырау жамылған.
Дед Мороз, бойың баладан
Анағұрлым аласа,
Болсаң да тапал, қылығың,
Мінезің сенің тамаша.
Безенген сұлу заттармен
Елкаға егер қарасаң —
Күлімдейді кескінің
Шат көңілді балаша.
Кел, дед Мороз, елканы
Балалармен тойлайық.
Көтере шырқап дауысты,
Ән салайық, ойнайық!
Заманның біз бұлбұлы,
Жазы, қысы сайрайық,
Өмір қызық елкадай,
Елкадай біз де жайнайық.
Біздің Отан жазбен тең,
Сыйлайды суық қыстарын;
Күмістей қымбат көреміз,
Ақ қардың біз мысқалын.

1938



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құтты болсын мейрамың

  • 0
  • 0

Тілекпен жасы көлдеген,
«Көкірегімді ем» деген,
Адамның әйел анасы ед.
Құшағына бөленген,

Толық

IV —Теңіздегі тыныс

  • 0
  • 0

Бір жаңалық боп қалды: өмірде, мен,
Курортта тыныстауды көңілге, мен,
Алмай-ақ жүрген шақта, келе ғаппын
«Гагра» аталатын өңірге, мен!..

Толық

Жаса, Украина

  • 0
  • 0

Жерім, суым, тарихым, тағдырым бір,
Тату-тәтті тетелес ескен құрбым,—
Украина, құлдыққа көнбей сан жыл,
Азаттық биігіне құлаш ұрдың.

Толық

Қарап көріңіз