Өлең, жыр, ақындар

Қалам

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 568
Досыңнан, әйеліңнен, балаңнан да,
Әкеңнен, туысыңнан, анаңнан да
Артық сыр шешіп, түгел ақтарылар
Жалғыз-ақ жан серігің — қалам ғана.
Ол сенің жан жүйеңнің бәрін кезіп,
Сырыңды түгел теріп, сияға езіп
Қағазға төксе, жұта қабылдайды,
Ұшы істік темірден тозбай, төзіп.
Бірақ, қалам сөйлегіш, білген сырды
Жұртқа жайып кетеді. Ойды-қырды
Кезгеніне қанағат қылмай, жортып
Болашақта шарлайды нелер жылды.
Қаламым, білем мен де ол жайыңды.
Сен арқылы менен де сыр жайылды.
Бірақ, сен айта алмассын: «Сыр шешуден,
Деп,— іркілді, қорықты ақын. Я тайынды!»
Тайынам, қорқам кімнен? Дұшпаннан ба?
Салмағы жеңіл оның мысқалдан да.
Достан-дағы кей кезде бұғу мүмкін,
Әлі бітіп, өрісі қысқарғанда.
Маған заман жайлатты кең ерісті.
Мойныма жүктеді көп зор істі.
Жүктерімді жеріне жеткізетін
Ойға сенім, бойыма берді күшті.
Несіне, ендеше мен, іркілемін?
Сепкендей тың жерлерді жыртып егін,
Ойымды айттым ашық, дән өнсін деп,
Жаңбырдай жауып, күндей күркіредім.
Мұнымның бәрі аян дос, дұшпанға.
Сырыңды тура айт деп ар қысқанда,
Қан-жаным араласқан қаламыммен
Бола ма, белді шешіп сырласпауға?
Жоқ, болмайды!.. Қаламға сырды ашам
Кім болам, халықтан сыр ұрласам мен?
Ұрламаймын. Кел, қалам, қасымда бол,
Жан сырымды ақтара жырласам мен.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құланың құны

  • 0
  • 0

Сұлудай қызыл шырай бітіп таңға,
Алтынды ну сәулесін шашып маңға,
Ойын сап жан иесі бар мақұлық,
Жерде құрт,

Толық

Алдабергенов туралы аңыз

  • 0
  • 0

Бастамай-ақ бұл жырды
Баяғы өткен Баяннан
Жырлайың жаңа өмірді,
Бастайық бізге Баяннан.

Толық

Биылғы май

  • 0
  • 0

Бұл Отанның Майы да
Коммунистік
Партияның әлпешті ұлы болды.
Әрбір жылдың айы да

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар