Өлең, жыр, ақындар

Волга-Дон

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 248
Орыс қызы Гретаға.
Екі өзен — Волга-Донға
Мәңгі берік салып қоныс
Арасында құба жонға
Ойлай қарап тұрды орыс.
Алыс жерді жақындатар
Секілденіп дүрбі-шыны,
Шартарапты шолды қатар
Көгілдір түс қарашығы.
Көрген шақта шолып түгел
Атамекен бай қонысты,
Армандай бір тағы жігер
Билеп алып кетті орысты:
«Кең отанның түн бетінде
Жасыл шалғын, қалың орман!.
Сондай байлық күн бетінде
Неге өспейді, Волга-Доннан?.
Ғасырларға жарыс сала
Екі өзен жатыр ағып,
Шөліркеген мынау дала
Неге ішпейді одан қанып?
Неге, мынау аңызғақ жел
Тынбай есіп басынады?
Бұны бөгер туып ерлер
Қашан бұл жел бас ұрады?!.»
Волга-Донның суындай боп
Ғасырларға ақты осы арман.
Қуаты есе, шымырлай кеп
Тиянағын тапты осы арман.
Арнасы кек, түбі терең,
Бірі Азов, бірі Ақ теңіз
Секілденіп екі өрен
Ұлы Отанда туды егіз.
Ленин туды, бар тарихтың
Тоғысқан кеп түйініндей,
Туды көсем бар халықтың
Бейне Эверес биігіндей.
Жегілерді, елдің сұрын
Кетіретін қанын сорып,
Жойды-дағы, ашып сырын
Табиғатқа тартты жорық.
Зор жорыққа керді кіре,
Тұр бөгет талап асқар.
Бұзуға оны, ГОЭЛРО,—
Ленин сызды ұлы жоспар...
Коммунизм құрылысын
Қолға алғанда еркін халық,
Табиғаттың құбылысын,
Кетті игеріп, билеп-ағып.
Талай теңіз ақтарылды,
Төңкерілді талап таулар,
Талай асау ноқта ілді,
Талай шөлге есті баулар.
Нелер ғасыр болған «мирас»
Мешеуліктің түнін түре,
Сәулесі кең сермеп құлаш
Тармақтанды ГОЭЛРО.
Сол тармақтың бір жүйесі
Жетті, міне Волга-Донға,
Совет халқы,— жер иесі
Қаулай қаптап шықты жонға.
Компартия елді бастап,
Игеруге барды жонға,
Іске керек түгел аспап
Құрылысшы алды қолға.

Бұрынғыдай емес, бұл қол,
Бұрынғы күш емес, бұл күш.
Зор каналға ашатын жол
Экскаватор адымдағыш.
Оның алып адымдары,
Алшаңдаса алдын ұтып,
Жерсорғыштың снаряды
Сазды қылғи жатты жұтып.
Күн-түн демей жүйткіп ылғи
Жалпақ табан бульдозерлар,
Бойын теңеп өр мен ылди,
Тегістеліп қалды олар.
Жентектеле араласып,
Бір дене боп темір мен тас,
Волга Донға қойнын ашып
Кең арна боп кетті тұтас.
Кең арнамен келген ағып,
Қымбат суға сілтеп бір із,
Алдын бөгей тұрды бағып,
Тармақтанған талай шлюз.
Кең даланы жатқан жалпақ,
Қандыра мол емізуге,
Қалды орнап, ұлан-байтақ
Цимля» теңізі де.
Шөлі қанған кең өлкеге
Өсімдіктер өнсе андыздап,
Кешке, күндіз, яки ерте
Есе алмайды енді аңызақ.
Енді шөлдеп көрші, дала!..
Енді еспей көрші, орман!..
Теңіз-егін толқындана
Көрші өспей, ылди, жоннан!..
Мал оттайтын мейірі қана,
Кәне, өспей көрші, шалғын!..
Неткен сұлу болдың, дала!..
Неткен жарқын еді, алдың!.. 
Жарқын бейнең секілденіп,
Нұрлы жүзі таңдай ата,
Кең каналға бетін беріп,
Жас инженер тұр Грета.
Сымбат, көркі, мінезі де
Бір-біріне жарасады,
Жиналыпты бір өзіне
Елдің бүкіл болашағы.
Көркем канал тұлғасынан
Отты көзін қия бұрмай,
Асты ойы сан ғасырдан,
Орыстың бай қиялындай.
Алыс жерді жақындатар
Секілденіп дүрбі-шыны,
Шартарапты шолды қатар
Көгілдір түс қарашығы.
Көрген шақта шолып түгел
Ата мекен бай қонысты,
Кетті тасып бойда жігер,
Бақытты ел,— деп,— орысты!..
Бақытыңа туды Ленин!..
Соған серік бастап елін!..
Адамзатқа жол нұсқады.
Коммунизм бойлай өрін,
Осы канал секілденіп,
Бес теңіздің басын қосқан,
Құшақ жайған, төсін керіп,
Төңірегін, көп туысқан!..
Ленин туын сая тұтып,
Партияға еріп бәрі,
Ен байлығын талай ұтып
Табиғаттың алады әлі...
Ұтқан сайын дүниеде
Нығаяды бейбітшілік.
«Соғыс» атты қара күйе
Таусылады іріп-шіріп.
Барлық өзен, барлық теңіз
Сонда түгел қосылады,
ГОЭЛРО-ны тұтып негіз
Бар жұрт іске асырады.
Жер шарында түгел жанып,
Тұрмақ сонда Ленин шамы.
Адамзатқа болып жарық,
Бүгінгі мен болашағы!..»
Ақын даусын қостым мен де,
Шекланова Гретаға,
Туып-өстім осы елде,
Жат емеспін бұратана.
Мен де ортақпын суға, жерге,
Мен де тудым бір атадан.
Сондықтан да жүрек менде
Кем соқпайды Гретадан.
Соққан жүрек мені-дағы
Шақырады Волга-Донға,
Құрылысқа сөз бұлағы,
Азық болар талай томға!..
Уа, Грета, канал қазып
Волга менен қоссаң Донды,
Сол ерлікті біз де жазып,
Жариялаймыз талай томды!..

1952



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сапарғали Бегалинге

  • 0
  • 0

Алпысқа келу керек Сапекеңше:
Тік бойлы, тастай дене, биік еңсе;
Сиятын қара кез бен қара шашқа,
Отыз бен отыз бестің бірін берсе!

Толық

Денсаулық жайы

  • 0
  • 0

Күн сылбыраң, жердің жүзі іріп тұр,
Қарлы жаңбыр бетке аралас ұрып тұр.
Ауыл үйлер шошалада, күн суық,
Жел де азынап аш қасқырдай ұлып түр.

Толық

Еңбек туралы жыр

  • 0
  • 0

Болғысы келсе ақмақ
Менің берер кеңесім:
Жалқауланып жатып ап,
Еңбектен тартсын денесін.

Толық

Қарап көріңіз