Өлең, жыр, ақындар

Эльбруске

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 228
Сен санасаң бір кезде бар шығысты
Қозғалмайтын алыпқа қалғып жатқан,
Міне, қазір көресін, қандай күшті,—
Оянды шығыс
Күнінен Ленин жаққан.
Ленинизм сәулесі мені-дағы,
Шырт ұйқыдан оятып қосты іске.
Халқымның аспанға өрлей ұшты-бағы,
Рақат тауып, өн, түгіл, кірмес түске.
Еркін ұлы советтің серуендеп,
Міне, Эльбрус, кеп қалдым қасына мен.
«Победа» мен шығамын төсіңе өрлеп,
Самолетпен қонамын басыңа мен.
Сен ғана емес, қарт Кавказ, аралаймын
Ылди-ерің, таусылмас кең ішіңді.
Асау өзен, керемін көліңді айдың
Кюфтан менен татамын жемісіңді.
Батыр елмен сүйісіп амандасам,
Көптен бері келер деп мені күткен,
Өйткені, біз тұрғалы бірге қашан,
Саясында қызыл ту Ленин тіккен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алдабергенов туралы аңыз

  • 0
  • 0

Бастамай-ақ бұл жырды
Баяғы өткен Баяннан
Жырлайың жаңа өмірді,
Бастайық бізге Баяннан.

Толық

Жүрегімді мандат қып

  • 0
  • 0

Табиғат тарихында бірінші рет,
Түннің қара қылшықты түгі түлеп,
Түн күндізге айналып, қалғытпады
Түн болса тынығымпаз миды жүрек.

Толық

Балқаш

  • 0
  • 0

Кешегі құлан өтпес бұл батпақ шөл,
Көрмеген орын теуіп мекендеп ел,
Ормансыз, бетегесіз, сусыз, құмсыз,
Үйіріп қу топырағын есетін жел.

Толық

Қарап көріңіз